Бір қалыпты жеңіл жүгіру

Скачать

Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200 - ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1 - Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1 - спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО - ның спорт шебері атағын Ш. Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е. Кадяйкин, Ұ. Қосанов, Ә. Тұяқов, В. Савинков, Л. Кононова, С. Исабаев, Б. Күреңкеев, В. Муравьев, В. Савин, В. Солдатенко, Л. Микитенко, А. Бадранков, т. б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е. Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27 - Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О. Шишигина әкелді.

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.

Сол замандарда жарыс тек ұзын - сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке - жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.

Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті.

Сабақ тақырыбы: Мәрелік қимыл 100 м жүгіру
Сабақ мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын ояту арқылы денсаулығын
сақтау және 100 м жүгіру тәсілдерін үйрету және жетілдіру, шапшаңдық,
төзімділік дағдыларын қалыптастыру.
1. Дененің дұрыс дамуымен денсаулықтың нығаюына қолғабысын тигізу;
2. Қимылдық, икемділік дағдыларды қалыптастыру;
3. Дене мәдениетті бойынша білімін күнделікті өмірде қолдану.
Сабаққа қажетті құралдар: ысқырық, секундомер.
Сабақтың өтілетін орны: спорт алаңы

Сабақ барысы
Дайындық бөлімі
Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгендеу.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Саптық жаттығулар, оңға, солға, артқа бұрылу.

Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде өкшемен жүру.
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.
- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.
- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
- Екі қол тізеде толық отырып жүгіру.
- Отырып секіре жүру.
- Дем алу, дем шығару.

Саптағы бой жазу жаттығуларын көрсету
- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру
- Қолды белге қойып, басты оңға және солға айналдыру.
- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
- Қолды алға түзу созып, кезек - кезек айқастыру.
- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
- Қолды белге ұстап, белді онға және солға айналдырамыз.
- Қолды алға созып отырып, тұру.
- Екі қолды тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа
айналдыру.
- Дем алу, дем шығару

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Сейітбаева Айнагүл Бердалықызы


Скачать


zharar.kz