Біз өмірдің гүліміз!
(Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий)
Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерін тексеру, қорытындылау.
Міндеттері:
1. Балалардың білімдерін пысықтау, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.
2. Сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту.
3. Үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шар, гүлдер, мерекелік жазулар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізушілер сахнаға шығады.
1 - ші жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, қадірлі қонақтар, құрметті мұғалімдер бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді даярлықпен қоштастырғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын.
2 - ші жүргізуші: Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар сыныпқа
Бір белестен өттіңдер
1 - ші жүргізуші: Өсті ақыл ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың
Сахнаға балалар шығып тақпақтарын айтады.
1 - ші бала: Тамирлан Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Даярлықпен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
2 - ші бала: Гульвира Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл - қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін
3 - ші бала: Нұрел Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ержетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын
Туған дала қуансын
4 - ші бала: Сәуле Жерде қар жатса да
Асыр салып ақпанда
Күнде ертемен мектепке
Келетінбіз ақ таңда
5 - ші бала: Айдос Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап?
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың
6 - шы бала: Гүлзада Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап
Оқып, жазып үйрендік
7 - ші бала: Мәди Сүйген өз ұл - қызын
Бөбегім деп аянбай
Мектебім өз үйім
Тәрбиешім болды анамдай
2 - ші жүргізуші: Ән: Ақ көгершін орындайтын Өркен даярлық тобының оқушысы Байжанұлы Дінмұхамет.
1 - ші жүргізуші: Балалар бізге қонаққа Сауат ашу мен Әліппе келе жатыр, кәне қарсы алайық.(Балалар амандасып қарсы алады)
Әліппе сөзі: Армысыңдар, жас достар
Армысыңдар, ата - ана
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажайыптың
Әліппесін меңгерер
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Сауат ашу: Біз сендер даярлықпен қоштасып жатыр дегенді естіп қонаққа келдік. Енді өнерлеріңді, білімдеріңді әліппеге көрсетіңдер.
2 - ші жүргізуші: Ал енді балалар біз білімдерімізді, өнерлерімізді әліппе мен сауат ашуға көрсетейік. Кішкентай әріптерді ортаға шақырайық.
1 - ші бала: Әлішер Әріптерді таныңдар
Бәрін жаттап алыңдар
Онда қызық ойын бар
Оған көңіл қойыңдар
2 - ші бала: Бауыржан Ойнаңдар да ойлаңдар
Қызығына тоймаңдар
Бәрін қарап шығыңдар
Әріп сырын ұғыңдар
3 - шы бала: Мөлдір А дегенім ардақты
Ақ сүт берген анамыз
4 - ші бала: Жаннел Б дегенім бал тілім
Біз бақытты баламыз
5 - ші бала: Ермек Ә дегенім әншінің
Әнге айналған әуені
1 - ші жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!- деп мың бұралған бишілерімізді қарсы алыңыздар.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Т. Ы. Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектептің
даярлық топ тәрбиешісі Дулатова Жаннұр Дулатқызы