Алматы облысының негізгі өзендерінің гидрологиялық сипаттамасы

Скачать

Армысың! Балқаш – Алакөл.
Бармысың барша табиғат жанашырлары. Еліміздің осынау ұланғайыр даласында жортса аңның, ұшса құстың қанаты талатын кең байтақ сахараның оңтүстік - шығысындағы басын тауға, аяғын көлге, арқасын құмға төсеп жатқан жер жаннаты Жетісудың жомарт жері. Қазақтың данагөй абызы Асан Қайғы ағашы тұнған жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен - деп сүйсінген.

Ертедегі Тахалау көлі немесе Ақ теңіз немесе Жұмбақ көл деп аталған Балқаштың қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар. Біздің заманымыздан көптеген ғасыр бұрын көлдің батыс жағалауын мекендеген атағы асқан бір бай адам болыпты. Ол байдың Балқия деген қызы аса көрікті, сұлу болып өсіпті. Балқияны тек өзінің үй - іші ғана емес, бұкіл жұрт еркелетіп, Балқаш деп атады. Балқаш он жетіге толып, бой жеткенде Ерден деген жігітке ғашық болады. Қыз бен жігіт бір түнде ауылынан атқа мініп қашып шығады. Екеуі қалың қамысты паналайды. Кенеттен олардың аттарына қабандар шабуыл жасайды. Ауыр жарақат алып Ерден қайтыс болады. Қашқындарды іздеп шыққандар қыздың тығылған жерін табады. Қуғыншыларды көрген соң, әкесінің қатал мінезін білетін Балқия биік жартастан көлге секіріп, су түбіне батып кетеді. Содан бері Балқия суға кеткен көлді Балқаш деп атайтын болған.

Алакөл көлі (шұбар көл) – аттас көлдер тобының ірісі, Алакөл ойысының ең терең бөлігінен орын алады. 13 - 19 - ғасырлар аралығында көл Гургенор (көпір көлі), Алақтыгүл, Алатеңіз, Алақта, оңтүстік(шығыс) Алакөл атауларымен танымал болды. Алакөл көлі Қазақстанның ішкі бөгендер арасындағы көлемі жағына екінші және республиканың ағынсыз өзен дерінің арасындағы жалғыз терең көл болып табылады. Алакөлдің су көлемі Балқаштың су көлемінің жартысына тең. Алакөлге Сасық көл, Қошқар көл, Жалаңаш көл деп аталатын көлдер жүйесін құрайды.

1. Алматы облысы бойынша су қорларының сапалық және сандық сипаттамасы.
Қоршаған ортаны қорғауды түрлі аспектілерінің кешенді түрде шешілуіне Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайында орын алып отырған экономикалық және әлеуметтік проблемалар кедергі жасауда. Бірақ, экологиялық жағдайға сай шараларды қабылдамау – су қорларының күйіне ғана емес, мемлекет экономикасына да зардап тигізеді.

Суды пайдалану себебін талдау экономиканың барлық қаласында жылдық суды тұтыну мөлшері 2, 6 - дан 5, 2 км3 – ке дейін екенін көрсетті, өзендердің суға су ағу көлемінің міндетті мөлшері (экологияға, энергетикаға және т. б) орындалғанда орташа сулы жылдарда облыстың қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз етілген. Құрғақшылық жылдары сумен қамтамасыз ету деңгейі 60%- ды құрап, судың жетіспеушілігі, негізінен, суармалы жерлерге келді. Облысымызда суармалы жерлердің ауданы 594, 8 мың гектарын құрап, оның ішінде 436 мың гектары – егістік алқаптары болды. Дәнді дақылдардың, қант қызылшасының, темекінің, майлы дақылдардың, жемістердің, сонымен қатар картоп, жоңышқа егістіктерінің көп бөлігі суармалы жерлерде орналастырылған. Осы өзекті мәселелерді шешу арқылы қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру қарастырылған:
• Тұрғындарды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету және су ресурстарының жетіспеушілігін азайту;
• Жер үсті және жер асты суларын тиімді пайдалануды ынталандыратын экономикалық механизмдерді жасау және енгізу;
Облыс аумағында бүгінгі күні 800 - дей өзендер мен су ағымдары және 24 мыңнан астам көлдермен жасанды су қоймалары бар. Облыстағы ең ірі көлдер Балқаш көлі, Алакөлдер жүйесі (Алакөл, Сасық көл, Қошқар көл, Жалаңаш көлдері) және Көлсай көлі.
Балқаш көліне құйылытын судың 75% құрайтын Іле өзені Балқаш - Алакөл ойпаттарының негізгі су артериясы. Іле өзені бассейіннің негізгі су құраушы бөлігі Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Алматы облысының негізгі өзендерінің гидрологиялық сипаттамасы.

Алматы облысының жер үсті суларының жалпы қоры Қазақстан су қорларының 24, 6% құрайды.
2. Су қажеттілігі, оны пайдалану мен су қорларын қайта қалпына келтірудің күйі.
Облыстың суға қажеттілігінің 98% жер үсті сулары есебінен, ал қалған жер асты, ағын сулар есебінен қамтамасыз етіледі.
Суды пайдаланудың негізгі үлесі, яғни 2523, 12 млн. м3 немесе жалпы қолданылатын су көлемінің 95% ауыл шаруашылығы өндірісіне келеді. Ауыл шаруашылығындағы суды тұтынудың үлкен үлесі суармалы жерлерге тиеді.
Таза тұщы суға қойылатын талаптардың өсуі су қорларын қорғауды, су көздерін ластауды төмендетуді, өндіріс және ауыл шаруашылығы ағы суларын ағызу мен пайдалануды реттеуді, суды технологиялық мақсатта тұтыну үлесінің көрсеткішін төмендетуді күн тәртібіне қатаң қойып отыр.
Іле өзенінде Қапшағай су қоймасын салу, Іле өзені алқабында ірі суғаратын және су жіберетін каналдары бар суармалы жерлерді игеру және суармалы жерлерге алынатын су мөлшерінің кенет көбеюі Балқаш көліне құятын өзендердің көлемін азайтты. Өзеннің жағалауында сор пайда болып, топырақтың және жерасты суларының тұздылануы жүріп жатыр.

Іле өзенінің су қорларында тиімсіз пайдаланып отыр. Суармалы жерлерден жуылып келген пестицидтермен, гербицидтермен жанар жағар май станцияларынан төгілген фенолдармен, мұнай өнімдерімен ластануда.
Алматы облысы бойынша жалпы көлемі 475, 642 млн м3
жылына тең барлығы 40 су жіберетін орындар бар олардың ішінде Көлсай көліне экологиялық жағдайдың нашарлауы үшін ағын суларды су жіберу орындарына ағызарда үнемі байқаумен бақылау қажет.
Біз айтып отырған Балқаш пен Алакөлдің экологиялық жағдайы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Су ластағыш көздері - өндірістік кәсіп орындар, су бойындағы елді мекендер, коммуналды – тұрмыс шаруашылығы мекемелері. Егерде көлді қорғау сауықтыру шаралары дереу қолға алмаса, мұның ертеңгі күні ауыр зардаптарға соғатыны сөзсіз.
Жыл сайын 5 текше километр, оның ішінде 3 текше километрі тазартылмаған, лас сулар су қоймаларына құйылады. Ауыз суға қойылатын жоғарғы талаптар, адаммен оның адам өмірге өте қажет компоненттеріндегі ерекше роліне байланысты. Сумен қамтамасыз етуде санитарлық - гигиеналық нормативтердің сақталуы – адамның денсаулығы үшін қауіпсіз және зиянсыз, экологиялық таза судың сапасын бір қалыпта ұстап тұрудың негізі болып табылады.

Экологиялық проблемалар - ең маңызды өмірлік проблемаларды бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр. Егер әрбір адам өзіне тиесілі аядай жерде қолынан келетінінің бәрін жасаса ғой, онда біздің жеріміз қандай құлпырып, жайнап кеткен болар еді.
Қорыта келгенде, облысымыздың әрбір тұрғыны бүгінгі және келешек ұрпақ үшін су тазалығының маңыздылығын түсінсе, жер жаннаты – Жетісудың тамаша табиғаты сақталатынына күмән келтіруге болмайды!


Скачать


zharar.kz