Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Сабақ мақсаты:
Білім беру: Оқушының сыбайлас бұрыш және вертикаль бұрыш тақырыбын оқып үйренудің жобасын біртұтас қабылдауына көмек көрсету.
Тәрбиелеу: Есептерді шығаруда оқушының жан дүниесіне ықпал ететін адамгершілік тұлғаның қасиеттерді, еңбексүйгіштігін дағдылардың қалыптасуына ықпал ету.
Дамыту: Әр оқушының практикалық білігімен сызба дағды машықтарын, мерзімді жұмыс істей білуін дамытуға жағдай жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, cызбалар, үшбұрыштар, мақал - мәтел,.
Сабақтың түрі: жаңа, сайыс сабағы.
Сабақтың ұйымдастырылуы: Оқушылар 3 - топқа бөлінеді, топ басшысы тағайындалады.
Сабақтың өту барысы:
Мұғалім: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтіледі.
Мұғалім: Балалар жарыс сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Оқушы: спорт түрлерінен, ат жарыс, білім жарысы т. б.
Мұғалім: Спорттық, халықаралық, аудандық, қалалық, мектепішілік жарыстар болып жатады. Олай болса, сонымен қатар Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне 20 жылдық мерекесі болып жатыр, осыған орай бүгінгі сабағымыз осы мерекелерге арналады.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ 5 бөлімнен құралады:
1. Топтық таныстыру.
2. Атадан қалған асыл сөз
3. Тапқырлық сайысы,.
4. Жаңа сабақ
5. Сиқырлы үшбұрыштар
1. топтық таныстыру.
Сіздер 3 топқа бөлініп отырсыңдар.
1) Қайрат тобы деп атауыңыздың себебі не?
2) Ләззат деп атауыңыздың себебі не?
3) Ербол деп атауыңыздың себебі не?
Оқушылар жауап береді:
2. Атадан қалған асыл сөз
Олай болса, ақылың болса ақылға ер, ақылың болмаса нақылға ер демекші Атадан қалған асыл сөз кезеңін бастаймыз.
Шарты: Әр топ кезектесіп нақыл сөз айтады, келесі топ мағынасын түсіндіреді.
Қайрат тобы: Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
Ләззат тобы :Ақылдассаң шешерсің,
Ақылдаспасаң кем кесерсің!
Қасым ата: Мектеп кеме,
Білім теңіз.
3. Тапқырлық сайысы,.
Білімділермен дос болсаң, тарыққанда ақыл береді.
Білгіштермен дос болсаң адамшылығыңды біледі! дегендей келесі Тапқырлық сайысына кезек береміз
Шарты: Әр топ ауызша тест сұрақтарына жауап береді.
Қайрат тобы:
1)) Кесіндінің бойынан 1 нүкте ал сонда қанша кесінді болады? (3)
2) Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле? (биссектриса)
3) Жазықтықтағы қандай түзу ешқашан қиылыспайды? (параллель)
4) Тәуліктің ¼ бөлігі? (6 сағат)
5) Дәлелденбейтін ұйғарым қалай аталады? (аксиома)
6) 180º-қа тең бұрыш қалай аталады. (жазыңқы)
Ләззат тобы:
1) Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)
2) Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алсаң, неше бұрыш қалады?(бес)
3) Екі нүктеден шектелген түзудің бөлігі? (кесінді)
4) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (шаршы)
5) Бастамалар деп аталатын еңбегі бар ғалым? (Евклид)
6) Бір нүктеден таралған, 2 сәуледен құралған фигура (бұрыш)
Ербол тобы:
1) Геометрияның жазықтағы фигураны зерттейтін бөлімі (планиметрия)
2) Бір нүктеден шыққан түзу (сәуле)
3) Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (3600)
4) Перпендикуляр түзулер неше градус бұрыш жасап қиылысады? (тоқсан)
5) Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттың және минуттың тілдері қандай бұрыш жасайды? (тік бұрыш)
6) Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
жаңа сабақ
Ал балалар сендер Үш торай ертегісін жақсы білесіңдер. Слайдқа назар аударайық Торайлардың жапалақпен кездескенше жүрген жол айрығын қарасақ қандай да бір бұрыштар пайда болады.
Олай болса бүгінгі сабағымыз бұрыштың түрлері
Сыбайлас бұрыш және вертикаль бұрыштар
Практикалық жұмыс.
1. Сүйір, доғал, тік бұрыштарды салыңдар. Олардың әрқайсысымен сыбайлас бұрыштарды салыңдар.
2) 70°-қа тең бұрыш салып, транспортирді пайдаланып, оның биссектрисасын жүргізіңдер
3) а түзуіне А нүктесінен көз мөлшерімен перпендикуляр түсіріңдер. Нәтижесін транспортир арқылы тексеріңдер.
Оқулықпен жұмыс.
1 - деңгей
№65. 4 5º; 60º; 90º; 30º-қа тең бұрыштармен сыбайлас бұрыштарды табыңдар
Ж 135º; 130º; 90º; 1 50º
2 - деңгей
Біреуі екіншісінен 3 есе үлкен болатын сыбайлас бұрыштарды табыңдар
Ж: 45 º және 135º B
A O C
3 - деңгей
Берілгені: В