Мектеп - тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта

Скачать

Ұстаздық ұлы жол

Мектеп - білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп - тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек - зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу - ұстаз міндеті. Елбасы Н. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр ,- деген болатын. Ендеше тәуелсіз Қазақстанның болашағы бүгінгі жас ұрпақ және ұстаз келбетімен айшықталмақ. Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі алға қойған басты міндет. Осы жолда ұстаздар еңбегі зор. Аудан мектептері оқыту мен тәрбиенің сапасына, әдіс - тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі, қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, мектептердің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде. Соның бір дәлелі 2010 - 2011 оқу жылының қыркүйек айының өзінде облыстық Жыл мұғалімі - 2010 байқауына қатынасқан №1 Шонжы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ғ. Есенова өзінің білімділігін көрсетіп, жүлделі орынды иеленсе, облыстық Үздік ауыл мектебі - 2010 байқауына қатынасқан Шарын орта мектебінің ұжымы да өз білім, біліктіліктерінің арқасында жүлделі орынды жеңіп алды. Әрине бұл аудан үшін үлкен мақтанарлық жетістік. Президент Н. Ә. Назарбаевтың ауылды көркейту, гүлдендіру, жас ұрпақтың болашағын жарқын ету мақсатында жас мамандарды ауылға тартып, Дипломмен ауылға атты жарқын жобаны қолға алғаны баршамызға белгілі. Соның негізінде ауданымызға 61 жас маман келіп, еңбек жолдарын бастап кетті. Әдептілік пен парасаттылықтың озық үлгісі – Ұстаз. Біз ес білгеннен соның жанарына қарап, жанының мөлдір бұлағынан сусындаймыз. Ең қадірлі жан Ұстазым деп білеміз. Елімізде мұғалімдер еңбегі жоғары бағаланады. Біздің ауданымызда да еңбегімен еленіп, халқының қошеметіне бөленген ұлағатты ұстаздарымыз баршылық.


Скачать


zharar.kz