1 сынып
Тақырыбы: Тура және тура емес теңдіктер
Оқу мақсаттары 1. 2. 2. 1 теңдікті, теңсіздікті, теңдеуді білу; дұрыс және бұрыс теңдікті ажырату
1. 5. 2. 2 + , - , ≠ , = , , ”, “ 18 – 4.
Егер 15 – 3; 10 + 2 өрнектері бар парақшалар түссе, олар былай салыстырып жазады: 15 – 3 = 10 + 2.
Барлық оқушылар өрнектері бар парақша жұптарын алып, салыстырған соң бір - бірінің жұмыстарын¬ тексереді.
Оқушыларға құрастырған өрнектерін қайтадан оқып, олардың теңдік не теңсіздік екенін анықтауды сұраймын.
Саябақта. Оқулықта бейнеленген сурет бойынша велосипедтегі және шанадағы балалардың санын анықтап салыстыруды тапсырамын. Оқушылар тек балалардың санын ғана салыстырып қоймай, бөліктермен қоса санайды. Мысалы, үш бала болды, тағы төрт бала келді немесе жеті бала болды, төрт бала кетіп қалды. Оқушыларға сурет бойынша шағын мәтін құрастыруды тапсырамын. Бұл жұмыс түрі есеп шығаруға дайындық болады. Оқушыларға санды теңсіздіктерді салыстырып, оларды ажыратады.
Жауабы:
а) 1 + 4 3 + 4 — бұл теңсіздік; ә) 5 – 2 7 – 3 — бұл теңсіздік; б) 5 – 3 = 7 – 5 — бұл теңдік.
Шығарып көр. Топпен жұмыс
Санды өрнектерді салыстырып, оларды қандай 3 топқа бөлуге болатынын сұраймын.
Оқушыларға бұл тапсырманы қалай орындайтынын айтуға мүмкіндік беремін. Мысалы, олар оны бірінен кейін бірі жалғастырып орындауы немесе барлық тапсырманы¬ жеке орындауы мүмкін. Өзара тексеру жасауға мүмкіндік беремін.
Жауабы: үш қате: 20 + 40 = 70 – 30; 15 – 3 ≠ 16 – 4;
11 + 0 = 14 – 0.
№93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Қалдыбай Аягөз Ахметқызы
Тура және тура емес теңдіктер. жүктеу