Астана – білім мен ғылым ордасы
Астана өте әдемі қалалардың бірі. Астананың ауасы таза, әрі керемет. Қалаға көшіп келушілер, оқу бітіріп жұмыста қалып қоятындарда көп екен. 1999 жылы халық санағына сәйкес Астанада (ол кезде Ақмола) 319мың халық тұрса, қазір 700 мыңнан астам тұрғын бар.
Біздің жеріміз сондай шалғай болса да, Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықов атындағы орта мектебіміздің бірнеше түлегі өз мамандығын Астана қаласынан алса, қазіргі таңда бірі білім алуда.
Солардың бірі Қоңыратбаева Тоғжан Әділханқызы оқуды озат оқып Алтын белгі иегері атанды. 2014 - 2015 жылдар аралығында Астана қаласындағы Еуразия университетінің ақпараттандыру мамандығы бойынша білім алып, университетті үздік аяқтады. Ал, 2016 - 2017 оқу жылын үздік аяқтаған Алтын белгі иегері Маратов Нұрбек Болатбек ұлы да аталмыш оқу орталықта ( Еуразия университетінің) экономика факультетінің менеджері мамандығы бойынша білім алуда. Бұл біздің шағын ауыл, мектеп үшін айтарлықтай мақтаныш.
Осындай білімді де білікті мамандар даярлайтын Астана қаласында мен де өскенде өз білімімзді көрсетсем деген арманым бар. Астана әлемге барлық жағымен ерекше көзге түсіп, бас қалада болашақта жаңа мамандықтар пайда болатынына сенімім мол.
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши селосы,
Қ. Жазықов атындағы орта мектеп
4 класс оқушысы Қабижанқызы Ғазиза Қайратқызы
Жетекшісі: Кулманова Злиха Санаковна