Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы,
"Майдантал" жалпы орта мектеп КММ
Тарих пәні мұғалімі Қамбарұлы Дархан
Отбасы және жастар. 9 кластар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Некеге тұру, оның заңдылықтары, отбасының жалпы мазмұны, ондағы әртүрлі қызметтер, қазіргі отбасына жүргізілген зерттеулер, отбасында болатын қайшылықтарға тоқталу.
Дамытушылық: Оқушыларды адамгершілікке, отбасын сақтай білу, онда дұрыс тәрбие алудың қаншалықты маңызы бар екенін түсіне білуге үйрету.
Тәрбиелік: Отбасы шағын мемлекет деген қағиданы айта отырып, отбасын құрудағы үлкен жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқулық, неке отбасы, оның құрамы, отбасының қайшылықтары т. б. схема кестелер. Шежіре тіректің суреті, көрнекі суреттер, мақал - мәтел, нақыл сөздер, заңдар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдістері: Топпен, жекелеп, шығармашылық ізденіс түріндегі жұмыстар, ой - қозғау.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдеп, тарих, әдебиет.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Белгілі әдіс - тәсілдер арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардан Жедел сауалдар ойыны арқылы жасырын сұрақтар қойып үй тапсырмасын қорытындылау.
1 - сұрақ. Автохтонды ұлт дегеніміз не?
2 - сұрақ. Ұлтаралық қатынастар дегеніміз?
3 - сұрақ. Этносаралық қатынастар дегеніміз?
4 - сұрақ. Жалпы қазақстандық отаншылдық дегеніміз?
5 - сұрақ. Ұлт дегеніміз не?
6 - сұрақ. Қазақстанда қанша ұлттар мен ұлыстар мекендейді?
ІІ. Отбасы құрудың басты мақсаты.
Қазақстан Республикасының жерінің кеңдігі, табиғи ресурстарының молдығы, оларды игеру қажеттігі - тұрғындар санының үнемі өсіп отыруын қажет етеді.
Қазақстанның азаматы болып табылатын әр жас адам отбасын құрып өмірге бала әкелуді ең асқақ, ізгі, қасиетті борышы деп есептеуі керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының алғашқы сөйлемі - оның ең басты байлығы - оның адамдары деген сөзде үлкен мағына бар.
Бұл проблемалардың демографиялық саясатпен байланысты екені анық.
Қазақстанда халық санын өсірудің жолдары:
1. Миграциялық - сырттағы қазақ халқын туған жерге оралуына жағдай жасау.
2. Табиғи жолдары - екеуіне толық мүмкіндіктер жасау керек.
Отбасы деген не?
- Отбасы - шағын мемлекет.
- Отбасы - қоғам тірегі, алғашқы ұясы.
- Адам өмірінің мәні – отбасының болуымен өлшенеді.
- Отбасынсыз адам - ормансыз бұлбұл.
- Отбасы - ерлі - зайыптылардың, ата - аналардың, балалардың, басқа туыстардың ара қатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт.
Отбасының түрлері:
А) Толық - ата - анасы, балалары бар.
Ә) Толық емес - ата - анасының біреуі ғана бар.
Б) Күрделі отбасы - ата - ана, бала, басқа да туысқандары бар.
Неке.
Неке - отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы.
1. Заңды неке.
2. Азаматтық неке.
Қазақстан - зайырлы мемлекет сол себепті азаматтық неке мен діни некенің заңды күші жоқ.
Азаматтық хал актілерін тіркеу бюросы куәландырылған некенің заңды күші бар.
Неке жасы заң бойынша ерлер мен әйелдер үшін 18 жас болып белгіленген.
Отбасын құру ұстанымдары.
1. Еріктілік.
2. Құқықтары тең.
3. Бөгде адамдардың араласпауы.
4. Ішкі мәселелерін келісіп шешу.
5. Балаларға қамқорлық.
6. Отбасы мүшелерінің құқықтарының сот арқылы қорғалуының қамтамасыз етілуі.
7. Салауатты өмір салтын қолдау.
8. Бір - біріне қамқор болу.
Некеде тұрғандардың жеке азаматтық құқықтары сақталады.
Балалар мен ата - аналар құқықтары.
18 жасқа толмаған азаматтар бала болып есептеледі.
Ата - ананың балалар алдындағы құқықтары мен міндеттері тең.
Ата - аналар:
1. Балалар денсаулығын қадағалау.
2. Оларды тәрбиелеу.
3. Орта білім алуын қамтамасыз ету міндеті.
Отбасының тұрпаттары.
1. Моногамды.
2. Полигамия.
3. Полиандрия
Кіндік отбасы:
А) ата - ана және балалары.
Ә) тек ата - ана ғана.
Кеңейтілген отбасы - ата - ана, өзге туыстарымен бірге тұрады.
Отбасындағы қарым - қатынастар:
1. Екі адам теңдігі.
2. Бірін - бірі сыйлау, отбасын құрудың негізі - махаббат.
3. Жауапкершілік.
4. Сенім.
Некеге рұқсат етілмейтін жағдайлар.
1. Егер некеге тұрғысы келген адам басқа біреумен некеде тұрса.
2. Туысқандар арасында, тікелей туысқандар мен жанама туысқандар арасында некелесуге тыйым салынады.
3. Бауырына салып алған немесе асырап алған ұл мен қыз балалар бір атаның қолында, бір тәрбиеде болса, халқымыз оларды туысқан балалар деп атап кеткен.
4. Ақыл - есі ауысқан немесе ақылы кем адамдардың некелесуіне тыйым салынады.
Ата салтың - асыл қазынаң.
Бір аңызда көрші отырған қазақ тайпаларымен Цинь империясы жиі соғысыпты. Неше дүркін қырып - жойып, қаншама жерін басып алса да қазақтың жас буыны өсіп жетіле келе жанкешті ұрыс салып, ата - қонысын қайтарып ала беріпті. Цинь патшасына көп жыл, қазақ арасында жансыз болып жүріп, бүтін халықтың құдірет күші неде екенін зерттеген бір ғұлама: бұл халықта шежіре деген қасиетті кітап бар. Ол құрымай бұл халықты құрта алмайсыз. Өйткені ұрпақтан - ұрпаққа рух беріп, ұлттық қасиетін сақтап, ата - бабаларының жерін, тілін дәстүрін содан оқып үйреніп, қуат алып отырады деген екен.
Халық ешбір халықта жоқ осы асыл қазынасын жадында сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа ауызекі көшіріп отырған.
Өкінішке орай қазір жеті атасын білмейтіндер, немере, шөбере, жиен – нағашылардың өзі бірін - бірі түстеп танымайтындары көбейді. Жесірін тентіретпейтін, жетімін жатқа телміртпейтін қазақы қасиеті, үлкенді қадір тұтып, кішіге қамқор болатын кісілік әркез таныта бермейтін болып барады.
Жеті атасын білген ұлт, жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл, Құлағы мен жағын жер - деген халық даналығын кейінгі ұрпақ зердесіне тоқуы қажет.
Термин сөздер ойыны.
Отбасы. Неке. Моногамия.
Полигамия. Сенім. Жиен.
Бөле. Нағашы. Төркін.
Құда. Бажа. Бала.
Артықшылықтар мен кемшіліктер. Оқушыларға өзіндік жұмыс.
Мақсаты: Оқушылардың қоғамдағы ерлермен әйелдерге қатысты айырмашылықтарды өздері қалай қабылдайтындарын түсінуге көмектеседі.
Ер балаларға қыз балалардың артықшылығы мен кемшілігі.
Қыз балаларға ер балалардың артықшылығы мен кемшілігі.
Отбасының қайшылықтары. Оқушыларға сұрақ қою.
- Отбасында қандай қайшылықтар болады? Әр оқушы, әр адам өз пікірін ауыз екі сөзбен айтуын сұрау.
Кітаптағы мәліметтер келтіру. Мысалы: жанұяның ажырасуына себептер әртүрлі. Ресейде - арақ ішу, мінездің сәйкес келмеуі, Эстонияда - жұбайлардың опасыздығы, Армения, Грузия, Өзбекстанда - ата - анаға дұрыс қарамаушылық. т. б. себеп болады екен. Ал Қазақстанда ше?
Қорытындылау.
Сонымен отбасы - ерекше, әлеуметтік институт. Оның қалыптасуы және дамуына қоғамның әсері зор. Қоғамның дағдарысы отбасының да дағдарысын туғызады. Экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани тұрақтылық отбасын да тұрақтандырады.
Үйге тапсырма: § 19 - 20
Отбасы және жастар.