Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов Бала Абай
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнымен таныстыру. Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру жүйелі сөйлеуге, өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелер, әрқашан ұқыпты алғыр, зерек болуға үйрету.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, карточкылар.
Көрнекілігі: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов порттері, сөзжұмбақ, ребус, Абай ата ағашы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, олардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ғафу Қайырбеков Алғашқы қоңырау өлеңін сұрау.
2. Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар.
1. Алғашқы қоңырау соққан, мектеп ашқан кім?
2. Ы. Алтынсарин өлеңін, әңгімесін білеміз бе?
III. Оқушы білімін тексеру.
1. Абылайдың шыны есімі кім?
А) Сабалақ
Ә) Әбілмансұр
Б) Бөгенбай
2. Сабалақ кімнің малын бақты?
А) Ыбырай
Ә) Бөгенбай
Б) Төле би
3. Салақтық әңгімесінің авторы кім?
А) М. Гумеров
Ә) Ж. Смақов
Б) Ы. Алтынсарин
4. Кел.................. оқылық көп нүктенің орнына сөз қой.
А) балалар
Ә) ықыласпен
Б) оқылық
5. Райымбек батырдың зираты қайда орналасқан.
А) Алматы қаласы
Ә) Астанада
Б) Семейде
IV. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу
Абылайдың шын есімі: Әбілмансұр
Жаңа күн, жыл басы, жаңа жылдың бірінші күні қайда келеді: Наурыз Тәуелсіздік сөзін тағы қалай айтуға болады: Бейбітшілік
Наурыздың ұзақ күндері қалай аталады: Ұзынсары
Есентай Ерботиннің қандай мысалы бар: Даңғой
Көк кептердің авторы: Гумеров
Ребус: кітап, домбыра, ай: Абай
Мұхтар Әуезов туралы қысқаша мәлімет:
Мұхтар Әуезов қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым. Қазіргі Шығыс Қазақстан обылысындай Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған, баланың алғаш сауатын ашушы атасы. Ол алты жасында Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып береді екен. 1908 жылы Семейдегі Қамилиддин хазірет медресесінде оқиды. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс училищесінде оқуға түсіп, сол жерде оқып жүріп алғаш Дауыл атты шығармасын жазады. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып сол кезден бастап Абай романын жазуға кірісіп 1941 жылы жазып бітіреді. Бұл қазақтың мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. Қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетін көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Абай жолы романы XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі деген жоғары баға алады.
Мәтінмен таныстыру: оқу, мазмұнын ашу
V. Тізбектей оқу:
Дәптермен жұмыс: бүгінгі күнді, берілген тақырыпты жазу. оқушыларға топтық тапсырма беру.
1. Тақтада берілген суретке қарап әңгіме құрау.
2. Мақал - мәтелдер жазу.
3. Абайдың өлеңін жазу.
VI. Сергіту сәті.
Күннің шыққаны жақсы ма? (Күнді бейнелейді)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (Желді бейнелейді)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма? (Адымдайды)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (Өздерін құшақтайды)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (Үйді бейнелейді)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Биде алналған жақсы ма? (Айналады)
Жақсы (Алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма? (Бас бармақтарын көрсетеді)
VII. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру қорытындылау:
1. Бүгін кім жайлы оқып білдік?
2. Әңгімені жазған кім?
3. Абай неге үйден коп шықпайтын еді?
4. Әжесі ертегі айтпай қалған күндері, ертегіні кімнен сұрайтын еді?
5. Бала Абайдың жасы нешеге толған кезі еді?
VIII. Үйге тапсырма: берілген тапсырманы мазмұндау
IX. Бағалау.