ЕКОЕ табыңдар

Скачать

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№28 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Математика пәні мұғалімі: Есиркепова Алмагул Бейбитбаевна

5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ең кіші ортақ еселік
 Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға берілген сандардың ең кіші ортақ еселігін табуды үйрету, тақ сандар, жұп сандар, жай сандар және құрама сандар жайлы алған білімдерін пысықтау.
2. Танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Өзара ынтымақтастыққа, қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу.

Өткенді қайталау:
 Жазылуы тақ цифрлармен аяқталатын сандарды тақ сандар деп атайды.
 Жазылуы жұп цифрлармен аяқталатын сандарды жұп сандар деп атайды.
 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды
 Бөлгіштердің саны екіден көп натурал сандарды құрама сандар деп атайды.

Жаңа сабақ
Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды, сол сандардың ең кіші ортақ еселігі деп атайды.
4 пен 6 сандарының ең кіші ортақ еселігі 12. Жазылуы: ЕКОЕ (4; 6)=12.
Ең кіші ортақ еселікті табу тәсілдері.
1 - тәсіл. Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін, сол сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы табу.
Ол үшін:
1) берілген натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы;
2) берілген сандардың ең үлкенінің жай көбейткіштерін жазып, оны оның жіктелуінде жоқ, бірақ басқа сандардың жіктелуінде бар жай көбейткіштермен толықтыру керек;
3) шыққан көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек.

1 - мысал. 50 және 28 сандарының ең кіші ортақ еселігін табу керек. Ол үшін 50 мен 28 сандарын жай көбейткіштерге жіктейміз:

Егер берілген натурал сандардың үлкені кішілеріне еселік болса, онда үлкен сан осы сандардың ең кіші ортақ еселігі етіп алынады.
Мысалы, ЕКОЕ(57, 19)=57; ЕКОЕ(8, 16, 32)=32.
Өзара жай екі санның ең кіші ортақ еселігі, осы сандардың көбейтіндісіне тең.
Мысалы, ЕКОЕ(5, 7)=35; ЕКОЕ(3, 11)=33;
ЕКОЕ(10, 21)=210; ЕКОЕ(6, 35)=210.

2 - тәсіл. Үлкен санды еселей отырып, берілген сандардың ең кіші ортақ еселігін табу.
2 - мысал. ЕКОЕ(12, 16)=48;

Тақырыпты бекіту сұрақтары:
1. Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі деп қандай санды айтады?
2. Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі қалай табылады?
3. Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі неге тең?
4. Егер берілген натурал сандардың біреуі басқа берілген сандарға бөлінсе, олардың ең кіші ортақ еселігі қалай табылады?

№715. Сандардың ең кіші ортақ еселіктерін табыңдар:
1) 6 мен 8 -------------- 4) 5 пен 15 -------------- 7) 5, 16 және 20
2) 4 пен 7 -------------- 5) 6 мен 10 -------------- 8) 15, 30 және 45
3) 9 бен 15 -------------- 6) 12 мен 20 -------------- 9) 10, 14 және 35

№716. Жай көбейткіштерге жіктеліп жазылған сандардың ЕКОЕ - сін табыңдар:
1) а=2*3 және b=2*7 --------------- 4) m=2*2*3 және n=2*3*5
2) с=3*5 және d=3*3*5 ------------ 5) p=2*2*7 және t=2*3*7
3) e=2*2*5 және f=2*3*5 --------- 6) x=2*2*3*5 және y=2*3*3*5

№717. Сандарды жай көбейткіштерге жіктеп, ЕКОЕ - сін табыңдар:
1) 21 мен 18 -------------- 4) 20 мен 35 -------------- 7) 14 пен 18
2) 24 пен 32 -------------- 5) 75 пен 90 -------------- 8) 28 бен 42
3) 16 мен 20 -------------- 6) 6 мен 13 -------------- 9) 21 мен 33

№718. 2
Таңертеңгі сағат 8 - де элеватордан астық таситын үш машина шықты. Машиналардың біріншісі 3 сағатта, 4 сағатта, ал үшіншісі 6 сағатта элеваторға қайтып оралып отырады. Егер машиналар бір қалыпты жүріп тұрса, олар сағат нешеде элеваторда қайта кездеседі?

Сергіту сәті
1) 6 мен 13 сандарының ЕКОЕ табыңдар.
2) 5 пен 11 сандарының ең кіші ортақ еселігін табыңдар
3) 2 мен 7 ЕКОЕ табыңдар
4) 21 мен 8 ЕКОЕ табыңдар.
5) 23 пен 5 ЕКОЕ табыңдар.

Үйге тапсырма:
Бағалау

Слайдын жүктеу


Скачать


zharar.kz