Дарабоз атанған батыр кім

Скачать

Тақырыбы: Тапқыр болсаң тауып көр сайысы

Мақсаты: Оқушыларды сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлеуге үйрету.
Ой өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.
Бірлесіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Түрі: сайыс сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақ барысы: Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі сайыстың әділ - қазылар алқасын сайлаймыз
-----------------------------
Сайысымызды бастаймыз.
1 - кезең. Бәйге.
1. Білім күні қай күн:? (1қыркүйек)
2. Дарабоз атанған батыр кім? (Қабанбай)
3. Республика күні қашан? (25 - қазан)
4. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған кім? (Абай)
5. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас? (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан)
6. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
8. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр.)
9. Ұлы Отан соғысының батырлары кім? (Әлия, Мәншүк)
10. Бала Қаныш кімге сәлем берді? (Жаяу Мұсаға)

2 - кезең. Жұмбақтар.
1. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)

2. Футболшының алаңдағы ойын заты. (Доп)
3. Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із қалар. (Бор.)
4. Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (Қоңырау)
Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (Қалам)
Қыста жерді басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)

3 - кезең. Дода.
Пәндер бойынша жауап береді.
Ана тілі.
1. Исатайдың баласы – Жақия.
2. Қабанбайдың шын аты – Ерасыл.
3. Қазақтан шыққан екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш кім?– Т Бегелдинов.
Ыбырай Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер? Кел балалар оқылық (Жатқа айту)

Қазақ тілі.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Сөйлем мүшелерін ата.?
3. Мәтін түрлерін ата ( сипаттау, әңгімелеу, пайымдау)
4. Етістік дегеніміз не?
5. Түбір дегеніміз не? Жалғанатын қосымшаларды ата.?

Математика.
1. Шаршы дегеніміз не?
2. Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3. Ең кіші төрт таңбалы санды айт?
4. 16 - қаламды 3 балаға тең бөліп бердім, қанша қаламнан беріп, қаншасы қалды?
5. Ең үлкен бес таңбалы санды айт?


Скачать


zharar.kz