Туған күн құтты болсын!
Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші - адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші - тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші - қатарыңда кемелді бол.
Бесінші - берекелі, беделді бол.
Алтыншы - арыстандай айбатты бол,
Жетінші - жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрынғы жақсылармен теңесті бол.
Жиырма бес жас
Жиырма бес деген – жалынды дәурен шырыны,
Жиырма бес деген – дүниенің дүрмек қызығы.
Бойдақтығың да қала алмас бойың тасалап,
Құрық боп түсер арудың бұлғақ бұрымы.
Жиырма бес деген – жөңкілген толқын, тәтті арман,
Өзіңді іздеу өркенді бұлақтардан.
Аңсатар кейде балалық кезең, бал сәтің,
Қолдарын бұлғап, қиырда қимай қап қойған.
Жиырма бес деген - жігітіңнің арқауы,
Алдағы күнді, асу мен шыңды аңсауы.
Сағынышың ол, қызға құштар, жырға әуес,
Буырқаныспен арайлап атар әр таңы.
Жиырма бес – қыран шығатын самғап шыңдарға,
Мойымас тіпті тосыннан келген сындарға.
Тербете білгін жердегі бақыт желкенін,
Жүректің отын ұсынып келер жылдарға.
Алла тағала дүниені жаратып, әрбір тіршілік иесінің өмір жасын белгілегенде адамға 25 - ақ жыл өмір, ал жылқыға, итке, т. б. андарға 50 жылдан беріпті. Адам өзіне берілген жасты қанағат тұтпай, жануарларға барып жарты жастарын сұрап алыпты.
Міне содан бері адам ұқсап 25 жыл өмір сүрсек, 25 жыл жылқыға, 25 жыл итке, ал кейінгі 25 жылымыз маймылға ұқсап жұртқа күлкі болып ғұмыр кешеді екенбіз.
Бүгінгі туылған күн иесіне адамға ұқсап 25 - ақ жыл емес, 100 жыл өмір сүр, ғұмырың бақытты да баянды болсын деп тілеймін!
Отыз жас
Артта қап балдырған шақ, балауса күн,
Отызың құшақ ашты – алау шағың.
Алатау аясында жүйрік мініп,
Жүйткіген күндеріңді көп аңсадың.
Туған күн,
Өткен дәурен түседі еске,
Бәрі айналғандай түс - елеске.
Өрлесең өркен жайып қия, шыңға,
Ардақты әкеміздің күші емес пе!
Қаумалап айналаңды қызың, ұлың,
Балынан таттық тірлік қызығының.
Құлыны орда бұзар жасқа жетіп,
Анаңның жайнай түсті жүзі бүгін.
Өмірдің мәні алға ұмтылуда,
Талпындың мақсат – тауға бір шығуға.
Бақыттың кілтін бәлкім таппас па едің,
Кезінде кездеспесең бір сұлуға.
Өзіңді жүреміз біз арқаланып,
Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.
Жүзге жет,
Жүзің жарқын, денің сау боп,
Оны да аман - есен қарсы алалық!
Қырық жас
Беу, досым, құтты болсын қырығыңыз,
Қырықтың бақшасында қыдырыңыз.
Берері аз болмасын бес күн жалған,
Алқызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.
Елу мен алпыста да нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың.
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта
Немере - шөберелі шал болғайсың.
Ашып өмір есігін нұрланды күн,
Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.
Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,
Құтты болсын,..., туған күнің!
Бақытты отбасының кеш ғұмырын,
Өмір өзі жазады отты жырын.
... дәм - тұзың құп жарасып,
Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың.
Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп,
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.
Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!
Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!
Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл - көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап, сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз.
Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!
Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы - мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз.
Дос - жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
Абырой, амандығың арта берсін.
Бақ - дәулет қызығымен қатар берсін,
Қонағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм - тұзыңды тата берсін.
Осындай ойын - сауық бол берсін,
Үй - іші той - думанға тола берсін,
Өмірдің гүл жайнаған жанатындай
Баршаңа бақыт құсы қона берсін.