І Сабақтың тақырыбы: §13. Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері.
ІІ Сабақтың мақсаты: Азот атомының сипаттамасын Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Азоттың тотығу дәрежесі, валенттілігі туралы; азоттың қосылыстары туралы оқушылардың білімін тереңдетіп кеңейте түсу.
Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, таным қызығушылығын тәрбиелеу.
ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест, демонстрация.
Көрнекілік: периодтық кесте, сызбанұсқа.
IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу;
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ - жауап:
1. H2SO4 - ң физикалық қасиеттерін сипаттау.
2. H2SO4 - мен жұмыс істегенде және суға еріткенде қандай қауіпсіздік техника ережелерін орындау қажет?
3. Химиялық өндіріс үшін H2SO4 - ң қандай маңызы бар?
4. H2SO4 - ң қандай маңызды тұздарын білесіңдер?
5. H2SO4 - ң химиялық қасиеттерін сипаттап айтып беріңдер.
6. Бейметалдар периодтық кестенің қай топтарында және қай топшаларында орналасқан?
7. Периодтық кестеде ме көп пе, әлде бейме көп пе?
8. ЭТ дегеніміз не?
Жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындау.
Жаңа сабақ. Жоспар: 1. Азоттың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы.
2. Табиғатта кездесуі. 3. Ашылу тарихы. (Биологиялық маңызы). 4. Алу жолы.
5. Физикалық қасиеттері. 6. Химиялық қасиеттері. 7. Қолданылу.
1. N - ң жалпы сипаттамасын Д. И. Менделеевтің периодтық кестесін пайдалана отырып оқушы өзі ізденіп толтырады.
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері. жүктеу