Қане бәріміз айтып көрейікші

Скачать

Ересек топ балаларына арналып ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Дыбыстау

Тақырыбы: Ш дыбысы
Мақсаты:
1) Білімділік: Балаларды Ш дыбысымен, әріп таңбасымен дыбыс артикуляциясымен таныстыру, балалардың ш дыбысы бар сөздерді ойлап табуына назар аудару.
2) Түзетушілік: Балаларды Ш дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
3) Тәрбиелік: Балаларды Ш дыбысын дұрыс айтуға, қуыршаққа көмектесе отырып, аяушылық, қамқорлық қасиеттеріне баулу.
Көрнекілік құралдар: Плакаттар, ойынға арналған суреттер, Ш дыбысы бар суреттер.

Логопедтің іс - әрекеті
1. Шаттық шеңбері:
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Бишілерге бұралып,
Дөңгелене билейік.
2. Тыныс алу жаттығуы:
Далада жел соққанда ағаш жапырақтары қалай сыбдырлайды? Логопед екі қолын жоғары көтеріп оңға, солға бұрып көрсетеді.

Балалар бүгінгі біздің оқу іс - әрекетімізге Қуыршақ келді, ол сендерден көмек сұрай келді, Қуыршақ өзінің қолшатырын жоғалтып алған екен, ол қолшатырды орманда жүрген қасқыр алып кетіпті,
Қасқыр, қуыршаққа мен сенің қолшатырыңды балалармен бірге мына тапсырмалардың барлығын орындасаң ғана беремін ,- депті.
Балалар сендер қуыршаққа көмектесесіңдер ме?
3. Жұмбақ шешу:
Шағала боп шалқарды
Шарлаймын шарқ ұрамын
Шанышқының басындай
Үш тармақтан тұрамын. (Ш)

Қыста үйге кірмейді
Көктем шықса жүрмейді (Шана)

Айырға аздап ұқсайтын,
Сабы жоқ бір - ақ ұқсайтын.
Тарақты еске салатын
Қай әріп, кім табатын? (Ш)
- Балалар сөздің басында қандай дыбыс естіледі?
Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз осы Ш дыбысымен танысамыз
Әріп таңбасы көрсетіледі.
- Қане бәріміз айтып көрейікші. ШШШ ал енді ААА дыбысын қайталайық
- ААА дыбысымен салыстырайық. Ш дыбысын а дыбысы сияқты еш кедергісіз айта аламыз ба?
- Себебі тіл, тіс, бөгет жасайды осындай кедергімен айтылатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз, оларды көк түсті текшемен белгілейміз,- дейді логопед.
4. Тапсырма:
Суреттегі заттарды атаңдар
Ш дыбысы сөздің қай жерінде естіледі?


Скачать


zharar.kz