Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқытудың тиімділігі
Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын, өзіндік даму реакциясын анықтау, мұғалім пен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы өзіндік қарым – қатынасты қалыптастыру - бүгінгі күннің талабы болып отыр. К. Ушинский Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады ,- деген даналығында. Сондықтан әрбір ұстаз білім беру барысында үздіксіз ізденуде болуы шарт. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта (Strong, Ward &Grant, 2011) атап көрсеткендей, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім болуы керек [МАН, 9 - бет]. Екінші кезең - Мектептегі тәжірибе кезеңінде зерттеу тақырыбымды Ағылшын тілі пәніндегі диалогтік оқытудың тиімділігі деп алып, Диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, ағылшын тілі пәніндегі тиімділігін анықтау мақсатын көздедім. Осы мақсат негізінде орта мерзімді жоспар негізінде қысқа мерзімді жоспар құрып, диалогтік әдіс - тәсіл арқылы ынтымақтастықпен топтық жұмыс жасауға үйретуді, сын тұрғысынан ойлау арқылы ойлау қабілеттерін арттыруды міндеттедім. басты міндеттер болып табылды.
Болжам: Егер ағылшын тілі сабағына диалогтік оқытуды енгізетін болсақ, онда оқушылардың сөздік қоры молайып, пәнге қызығушылықтары артады. Өйткені, Мерсер мен Литлтон зерттеуінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады деп тұжырым жасаған. Сондықтан Ағылшын тілі пәніндегі диалогтік оқытудың тиімділігі мақсатындағы міндеттерім:
- Диалогтік оқытудың тиімділігін анықтау мақсатында әріптестермен іс - тәжірибе алмасу;
- Диалогтік оқыту әдісінің тиімді жолдарын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізу;
- Оқушылардың іс - әрекетін зерттеу. Осы мақсат - міндет негізінде күтілетін нәтиже:
Диалогтік оқытудың ағылшын тілі пәнінде тиімді жолдары анықталады. деп күтілетін нәтижені анықтап алдым.
Шeтeлдiк ғaлымдaрдың зeрттeу нәтижесiндe күндeлiкті сaбaқтa қoлдaнылaтын диaлoгтiк oқытy мoдyлiнiң мaңызы зор тaбыстaрғa жeткiзeтiнiн дәлeлдeгeн. Мысaлы, Мepcep мен Литлтoн (2007) өз eңбeктepіндe диaлoг caбaқтa oқушылaрдың қызығyшылығын apттыpyмeн қaтap, oлapдың бiлiм дeңгeйiнiң өсуiнe дe үлeс қoсaтындығын aтaп көрсeтeдi. Выгoтскийдiң oқытy мoдeлi oқyшы диaлoг құрy нәтижeсiндe бiлiм aлaды дeп жopaмaлдaйды. Сoндықтaн, oқyшының бiлiм дeңгeйiн дaмытyға әлeумeттiк көмeк көрсeтyдe мұғaлiмнiң рөлi epeкшe. Oқyшылaрдың көбiрeк бiлeтiн бaсқa aдaмдaрмeн, бұл рөлдeрдe сыныптaстaры мен мұғaлiмдeр бoлyы мүмкiн, диaлoг жүргiзy мүмкiндiгi бoлғaн жaғдaйдa, oқытy жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі бoлмaғaнымeн, ЖAДA aяcындa қapacтыpылғaндықтaн oқытy тaбыcты бoлмaқ [МAH, 98 - бет].
Мен 6 - сыныпта өткен сабақта оқушыларды 5 оқушыдан 10 оқушыны екі топқа бөлу арқылы өткіздім. Онда шет тілі болғандықтан міндетті түрде тіл үйрену үшін тақырыптық диалогтар беріледі. Сол диалогты оқушылар оқып, өз бетімен оқып, түсініп, аударуға және өз ойларын еркін жеткізуге бағытталған жаттығулар орындады.
Т. Аяпованың Ағылшын тілі оқулығының соңғы тараулары бойынша Астанаға барғым келеді , Каникулда қай жаққа барғың келеді? , Каникулды қалай өткізгің келеді? тақырыптары бойынша сабақ өткізгенде Астана қандай қала? , Кім Астанада болды? , "Кім Астанаға барғысы келеді?" деген сұрақпен бастадым. Оқушылар бар мүмкіндігінше жауап берді. Топтастыру стратегиясы бойынша Астана сөзі жазылған ментальді карта арқылы екі топқа бөлінген оқушыларға қандай ассосация береді соны жазыңдар деп жазғыздым. Олар ментальді карта жасауда Әдемі қала, жаңа қала, Елорда, Хан шатыр, Байтерек, Пирамида деген сөздерді қамтыған.
Осы ментальді карта толтырып болғаннан кейін осы сөздерді ағылшын тілінде айтайық деп сөйлеуге жетеледім. Оқушылар екі топта осы сөздерді ағылшын тіліне аударып, ағылшын тілінде Astana is the capital of Kazakhstan , Astana is new city , Аstana is the modern city , The Monument of Baiterek is new builbing деген сөйлемдерді құрады.