Байқоңыр қаласы Қ. Х. Тоқмұхамедов атындағы 14 бастауыш мектебінің 2 Б сынып оқушысы Мұхамедқалиева СымбатАқылды қыз (Ертегі)Ертеде бір хан болыпты

Скачать

Байқоңыр қаласы
Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы
№14 бастауыш мектебінің
2 Б сынып оқушысы
Мұхамедқалиева Сымбат

Ақылды қыз (Ертегі)
Ертеде бір хан болыпты. Оның бір-ақ қызы бар екен. Сондықтан оған тіл тигізбейді. Соның елінде шал мен кемпірдің Есімше және Көсемше деген екі ұлы болыпты. Сол ханның малын Есімше бағады екен. Ханның қызы Есімшеге ғашық екен. Екеуі жасырын кездесіп жүреді. Бір күні хан сапарға аттанады. Сол күні қыз бен жігіт екеуі қашып кетеді. Хан сапардан қуанып келеді. Қызды қашып кетті дегенде түрі бұзылып, нөкерлеріне:
-Тез арада қыз бен жігітті тауып әкеліңдер, егер ол екеуін таппасаңдар, бастарыңды аламын! – деді. Нөкерлері де тез арада қыз бен жігітті тауып, ханның алдына әкеледі. Сол кезде хан мән-жайын білген соң қызы:
-Әке, мен сіздің орныңызда болсам, елдің қамын жасап, мейірімді болар едім, - деді. Ханның өзі елдің жағдайы емес, өзінің жағдайы артық болғанын жақсы көріпті. Сөйтіп, ең соңында қызынан жеңілген хан еліне ұлан асар той жасап, мейірімді болуға тырысты.


Скачать


zharar.kz