Тақырыбы: Есеп, неше жас. Ауызша қосу және азайту.
Сыныбы: 1, 2
Көрнекілігі: цифрлар, плакаттар,
Әдістері: қайталау, сұрақ – жауап, түсіндіру.
Сабақ түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
♦ 1 – ден 10 – ға дейін, 0 – ден 10 – ға дейін, 1 – ден 9 – ға дейінгі сандар қатары, бір және екі таңбалы сан туралы түсініктерін қалыптастыру.
♦ Сандар қатары құрылуының заңдылықтары анықталуының, сандар қатарын сандарды салыстыру үшін пайдалануын қалыптастыру. Фигуралар жанына тығылған цифрларды ретіне қарай іздеп табуға үйрету.
♦ Логикалық тұрғыдан ойлана отырып, орындауға зейін қойып тыңдауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін бізде математикадан ашық сабақ. Сабағымызға келген қонақтарға сәлем берейік. Сабаққа керекті құрал – жабдықтарыңды алып, оқушы ережесіне сай отырыңдар.
Қызығушылықтарын ояту.
Балалар сабаққа дайын болсақ тақтадағы суретке қарайық. Адамды салуда қандай сандарды қолдандым.
Үй тапсырмасын тексеру.
Тапсырмаларды тексеру.
Жаңа сабақ.
Ерте - ерте ертеде ешкі жүні бөрте де. Еріншек, тәкаппар, даңғой бала болыпты. Оны еш нәрсе қызықтырмапты. Оның аты Сабалақ екен. Оның бір күні спортпен айналысқысы келеді. Бірақ оған жететін жолдан өте алмапты. Балалар, Сабалаққа көмектесеміз бе? Ендеше жетер жолдан өтуге көмектесейік.
Жаттығу жасау.
Тапсырмасы
1 – сынып
Кітаппен жұмыс.
Есепті оқып беру. Талдау. Қысқаша шартын, шешуін, жауабын жазу.
1. Есеп кімдер жөнінде?
2. Ағасы неше жаста?
3. Інісі ше?
4. Есеп бізден не сұрайды?
5. Қысқаша шартын қалай жазамыз?
6. Шешуін ше?
7. Жауабын қалай жазамыз? 2 – сынып.
Кітаппен жұмыс
Есепте! өзіндік жұмыс.
52 + 8
60 – 20
40 + 14
54 – 16
38 – 11 27
Кім жылдам?
Сандарды кему ретімен жазу.
Тақтамен тексеру.
Футбол ойыны.
Жарайсыңдар балалар, жаттығу жасар жолды тауып бердік. Енді Сабалаққа футбол ойынын ойнау жолын ашып берейік.
Көрнекілік бойынша
3 – 3 =0
Азайғышы неше?
Азайтқышы неше?
Азайғышымен азайтқышы қандай?
Дәл осындай айырма жаза аламыз ба? Көрнекілік бойынша
Екі таңбалы сандарды жазу.
28, 94. 91, 23, 16, 4, 78, 14, 58, 91.
Сергіту сәті.
Балалар орнымыздан тұрайық, біраз сергіп алайық.
Шахмат, шашки ойыны.
Енді балалар, Сабалаққа шахмат шашкі ойнауға жолын ашып берейік.
Карточкамен жұмыс.
Әр балаға жеке - жеке Қосу және азайту.
Кітаппен жұмыс. Түсіндіре отырып шығарту.
78+22=(70+20)+(8+2)=100
78+22=(78+2)+20=100
78+22=(78+20)+2=100
100 - 22=(100 - 20)- 2=78
100 - 22=(100 - 2)- 20=78
100 - 22=(90 - 20)+(10 - 8)=78
Ат жарыс ойыны.
Жарайсыңдар балалар, Сабалаққа шахмат, шашкы ойнайтын жолды ашып бердіңдер. Енді оған ат жарысу ойынын үйренуге көмектесейік.
Тез ойлан.
1 таңбалы сандарды өсу ретімен сана.
1 таңбалы сандарды кему ретімен сана.
Толық ондықтармен сана.
Кему ретімен сана. көршілерін тап.
Балапанға көмектес.
Үйге тапсырма беру. Бағалау.
№4 109 бет №4 161 - 162 бет.
Орнымыздан тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық