Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ақ қыс. Т. Айбергенов.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: ақынның қыс бейнесін суреттеуіне қарап, өлеңдегі кейіпкердің көңіл күйін іздеуге, лириканы түсінуге, сезінуге мүмкіндік беру.
Дамытушылық: бейнелі сөйлей білу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: әр маусымның ерекшелігін байқата отырып, табиғаттың сұлулығын тануға, айнала қоршаған дүние және табиғат құбылыстары арқылы шындыққа қарым - қатынасының қалыптасуына жағдай туғызу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылығын ояту.
Көп нүктенің орнына керекті сездерді есіңе түсіріп жаз. Бұл қай өлеңнен алынған үзінді?
Үсті - басы - ақ..., түсі...,
Басқан жері... келіп қалды.
- Тапсырмадағы жазылған сөздер мағынасы нені білдіреді?
- Иә, қыс табиғатының құбылыстарын білдіреді. Абай атамыздың өлеңін оқығанда қандай сезімдер білінгендей болады? (Суық, аяғының басқан ізі сықыр - сықыр еткен денелі қыстың жүрісі қорқынышты).
2. Мағынаны тану.
- Енді бүгін біз ақын Т. Айбергеновтің Ақ қыс өлеңін оқып, өлеңде қандай сезімдер бар екенін анықтап көрейік.
Бір рет іштей оқып, дауыстап, мәнеріне келтіріп оқуға дайындалу.
Оқушылар кезекпен мәнерлеп оқи бастайды. Оқылған жолдар мен шумақтардағы ақынның сезімдерін іздеп, талдау жасау үшін өлеңге үңіле қарау керек.
Алғашқы төрт жолда жер беті түгел аппақ екендігі айтылады. Көзімізге
тап-таза табиғат және қуанышты қыс құшағындағы адам елестейді. Ал қыс сақ - сақ етіп түр. Әлде ол күледі, әлде ашулы, аязды.
2. Келесі үш жолды талдау. Қардағы іздерге артыңа мойныңды бұрып қарап көрдің бе? Қандай қызық! Ақын қар үстіндегі іздерді неге теңейді?
3. Ақ қыс - сұлу ақ өлең,
Табанымның астында
Таңғажайып аң әлем .
Аңын неге тамсанып, таңданады?
4. Келесі төрт жолды талдау. Бір қызығы, қайда барсаң да, қыс сенен бір елі де қалмайды.
Жанарынан жаз бүркіп,
Тұр қыс күні сүйкімді...
Балалар қыс қанша суық болса да, оның көзінен не көрініп қалғандай?
Оны кім көріп қойыпты? Әрине, ақын.
- Сонымен ақын қысқы қалың қарды омбылап келе жатқанда, нені ойлап, нені іздеп келе жатыр?
- Балалар, қардың қандай түрлерін білуші едіңдер? Дәптермен жұмыс.
- Аяздың ше?
- Боранның ше?
Оқулықтағы сұрақ - тапсырмалар бойынша жұмыс жасау. Тапсырма бойынша ақын көзіне көрінген ақ заттарды өлеңнен теріп жазу.
Олар: ақ қолғап, ақ қыс, аппақ сәукеле, аппақ тау, төбе, рояльдің ақ тілі, ақ әлем, аппақ әуен.
- Көрдіңдер ме, адам қуанғанда, жақсы нәрсені көргенде, дүниенің барлығы әдемі, таза, тіпті, құлаққа естілген дыбыстар мен ән де аппақ деп жырланған екен.
Т. Айбергеновпен таныстыру
Төлеген Айбергенов (08. 03. 1937, Қоңырат ауданы, Қарақалпақстан, Өзбекстан - 29. 08. 1967, Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) - ақын. 1937 жылы 8 наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарды.
3. Ой толғау.
Бес жолды өлең (синквейн) стратегиясын қолдану
1 - жолда - өлең тақырыбы, (негізінен зат есім);
2 - жолда - тақырыпқа сипаттама (екі сын есім);
3 - жолда - әрекет ( тақырыпқа қатысы бар үш етістік);
4 - жолда - сезім (тақырыпқа автордың қарым - қатынасын білдіретін төрт сөз);
5 - жолда - бірінші жолдың синонимі (көбінесе зат есімнің).
Енді осы стратегияны өлеңге қолданып көрейік:
1 - жол. Қыс.
2 - жол. Аппақ, таңғажайып.
3 - жол. Құшақтайды, сақылдайды, омбылайды.
4 - жол. Айнала әдемі, қызықты екен (немесе Көз тоймайтын ғажап әлем ).
5 - жол. Табиғат.
4. Үйге тапсырма беру, бағалау Өлеңді мәнерлеп оқу
Ақ қыс. Т. Айбергенов. жүктеу