Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, шығармаларымен таныстыру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов Өзім туралы өлеңі
Сабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, әдеби тіл байлығын, көркем сөз шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге, елін – жерін сүюге, Отанын қорғап қастерлеуге және имандылыққа білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі талдау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бүктеме, үлестірме қағаздар, сызба қағаздар, дыбысталған үн таспасы.
Пәнаралық байланыс: музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды дұрыс отырғызып түгелдеу. Оқу құралдарын алдырып, сабаққа назарларын аудару.

Үй тапсырмасын сұрау: Ғабит Мүсірепов кім? Ғабиттің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсіндіріп біріңіз? Әңгімені неге Ананың анасы деп аталған? Әңгімедегі кейіпкерлерді атап беріңіз? Боранды түнде әңгімедегі кейіпкерлерді атап, мінездеме беріңдер.

Жаңа сабақ.
Математикалық ойын Ғажайып алаң
Таңбаларды әр түрлі сандарға амалдар қолдану арқылы мына есептерді шығарып, төмендегі үшаяқтардағы жасырын сөзді табайық.
Жауабы: Өзім туралы
Бейнетаспадан ақын Қасым Аманжолов туралы өмірдерек көрсету.
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы топырағында дүниеге келген. Ол жастайынан жыр шығарып, ән салып, домбыра, скрипкада, күйсандықта жақсы ойнаған. Қасым жастайынан жоқшылықты, жетімдікті сәби кезінен басынан өткізген. Қой бағып, тезек теріп, кісі есігінде де телміреді. Содан болар өткір тілді, қажырлы, қайратты, тік мінезді болып өседі. Қасымның өзі айтқандай жасық өлең емес, асыл өлең жазуды өмірінің бар мақсаты еді. Ақын шыншыл, бүкпесіз ақын ұрпағымен ашық сөйлесіп, мақсат – мүддесін, қуаныш – сүйінішін, сенімі мен дүдәмәлін алдыңа жайып тастайды. Ақын қайтыс болғаннан кейін Өзім туралы атты өлеңі жарияланады. Бұл өлеңде:
Оның әнін өзі шығарған Дариға сол қыз , Туған жер , Өзім туралы шығармалары халықтың сүйікті әніне айт Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені,
Мен қазақтың баласы,- деп, кезінде ағынан жарыла толғаған ақиық ақын Қасым Аманжолов... Тірісінде - ақ аңызға айналған Қасым – ешкімге ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп, баурап алады.
Бейнетаспадан Өзім туралы өлеңін тыңдатамын.
Поэмалары: Ақын өлімі туралы аңыз , Қытай қызы , Құпия қыз , Бикеш , Естай - Қорлығайын , т. б.
Мәтінмен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушыларға мәнерлеп оқыту. Мәнерлеп оқу дағдысына мән беру.
Абайдың Өлсе өлер табиғат, адам өлмес деген ойымен Қасымның өлеңіндегі қай жол үндеседі?
Шаң басқан архивтерден табылармыз деген М. Мақатаев өлеңі қай жолдармен үндеседі?


Скачать


zharar.kz