Дүниежүзілік мұхит бөліктерін ата

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Суды пайдалану және қорғау
Білімділік мақсаты: Оқушылардың Гидросфера тарауы бойынша алған білімдерін бір жүйеге келтіру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды су нысандарын қорғай білуге, оны тиімді пайдалануға үйрету, суды ластамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: әртүрлі ойындарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, интерактивті тақта т. б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті.
Сабақ әдісі: баяндама, викторина, тест жұмысы.
Сабақтың түрі: қорытынды сайыс сабақ.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларға сайыс сабақ өткізілетінін ескертіп, екі топқа бөлу.
1 – топ Өзен 2 - топ Бұлақ 1 - кезең. Әр топ өзін таныстырады.. Топ жетекшілері өз аттарына сәйкес дайындап келген таныстыруларын оқиды. Әр топқа екі минуттан уақыт беріледі.
Өзен тобы: Біздің топ - Өзен Өзен – табиғаттың жаны емес пе? Өзен – табиғаттың қаны емес пе? Өзен жоқ жерде тірішілік жоқ.
Бұлақ тобы: Біз – бұлақпыз, Жанып тұрған шырақпыз, Ең таза сүзілген бұлақтаймыз, Айналаға сәуле шашқан шырақтаймыз.
2 - кезең. Викториналық сұрақтар.
1. Гидросфера дегеніміз не? (Жердің су қабығы)
2. Табиғаттағы су қандай күйде болады? ( Газ, Қатты, Сұйық)
3. Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? ( Жердегі су буланып бұлтқа айналады, кейін жерге жаңбыр болып жауады)
4. Мұхит дегеніміз не? (Жер бетінің үлкен көлемді су қаптап жатқан бөлігі)
5. Ең терең және ең үлкен мұхит. (Тынық)
6. Дүниежүзілік мұхит бөліктерін ата. (Тынық мұхиты, Атлант Мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік Мұзды мұхит)
7. Дүниежүзілік мұхит бөліктері бір - бірімен қалай жалғасқан? (Бұғаздар арқылы )
8. Ең терең шұңғыма. (Мариан)
9. Бұғаз дегеніміз не? (Екі мұхитты немесе көлдлерді жалғастырып тұрған енсіз өткел)
10. Шығанақ дегеніміз не? (Судың құрылыққа еніп тұрған бөлігі)
11. Теңіз дегеніміз не? (Мұхитпен жалғасып жатқан көл)
12. Көл қалай пайда болады? (Табиғи ойыстардың суға толуынан пайда бошлады)
13. Өзен дегеніміз не? (Белгілі бір бағытта тоқтаусыз ағып жатқан су)
14. Арал теңізіне қандай өзендер құяды? ( Сырдария, Амудария)
15. Қандай суды ластанған су дейміз? (Өнеркәсіпте көп қолданылатын сулар)
16. Тұщы суларға қандай сулар жатады? (Көл, өзен, мұздық, жерасты сулары)
17. Тұзды суларға қандай сулар жатады? Теңіз, мұхит, ағынсыз көл сулары)
18. Балқаш көлінің суы тұзды ма, тұщы ма? (Батысы ашы, шығысы тұщы)
19. Өзің тұратын жерге ең жақын орналасқан көл. (Каспий)
20. Өлкеңде қандай өзендер бар? (Жайық)
3 - кезең. Мақал – мәтелдер жарысы. Бұл кезеңде оқушылар суға байланысты қазақ халқының суды бағалауға, қорғауға, қадірлеуге тәрбиелейтін мақал - мәтелдерін айтып жарысады.
1. Бұлақ көрсең көзін аш.
2. Су жүрген жер береке, - ел жүрген жер – мереке.
3. Су - ырыстың көзі, еңбек - кірістің көзі.
4. Дария басы – бұлақ.
5. Сасық су да бір, сараң да бір.
6. Сумен ойнама батарсың, отпен ойнама күйерсің.
7. От пен су – тілсіз жау.
8. Су ішетін құдығыңа түкірме.
9. Сұудың да сұрауы бар.
10. Сулы жер – нулы жер.
11. Судың жолын құм бөгер.
12. Бұлақ көрсең, көзін аш.
13. Су атасы - бұлақ, Сөз атасы - құлақ, Жол атасы - тяқ.
14. Су алтыннан да қымбат.
15. Су бергеннің сауабы бар, Су төккеннің жауабы бар.
16. Су ішетін құдығыңа түкірме.
17. Сулы жер құрақсыз болмас, Таулы жер бұлақсыз болмас.
Ойлан, тап ойыны.
1. Табиғи ойысқа толған су. (Көл)
2. Памирдегі көл (Сарез)
3. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл (Каспий)
4. Алтайдағы көл (Зайсан)
5. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)
6. Торғай өлкесінің өзені (Тобыл)
7. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит (Тынық)
8. Тынық мұхиттағы ең үлкен шоңғыма (Мариан)
9. Дүние жүзіндегі ең кіші мұхит (Солтүстік Мұзды мұхиты)
10. Жер бетіндегі ылғал көзі (Мұхит)

4 - кезең.
Тест сұрақтары:
1. Жердің су қабығы қалай аталады? а). атмосфера ә). литосфера б). гидросфера
2. Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма? а) Пуэрто - Рико ә) Кермаден б) Мариана
3. Жер шарындағы ең үлкен және ең терең мұхит а) Үнді б) Атлант б) Тынық
4. Дүниежүзілік мұхит қанша бөлікке бөлінеді? а) екі ә) үш б) төрт
5. Табиғаттағы тұшы су көздері а) өзен, көл, бұлақ, жер асты сулары, мұздықтар, жаңбыр суы ә) мұхит, теңіз, мұздықтар б) шығанақ, түбек, сарқырама
6. Беринг бұғазы қандай мұхиттарды қосып жатыр? а) Атлант және Үнді ә) Тынық және Атлант б) Солтүстік Мұзды Мұхиты және Тынық
7. Тұзды суға қандай сулар жатады? а) өзендер мен көлдер ә) мұхиттар мен теңіздер б) бөгендер мен көлдер
8. Табиғаттағы су қандай күйде кездеседі? а) қатты, тұзды, жылы ә) тұщы, жұмсақ, газды б) қатты, сұйық, газ тәріздес
9. Ластанған су деп қандай суды атайды? а) пайдаланған шайынды суды ә) тұзды суды б) тұщы суды
10. Арал теңізіне құятын өзендер а) Есіл мен Ертіс ә) Сырдария мен Әмудария б) Іле мен Нұра
11. Мариана шұңғымасының тереңдігі а) 11022 ә) 10047 б) 10882
12. Дүние жүзіндегі ең лас теңіз а) Каспий ә) Жерорта б) Саргасс
5 - кезең. Тәсіл кестесі. Адам табиғаттың досы ма? Әр топ тақтадағы кестеге өз ойын жазады.
ИӘ ЖОҚ
1. Ағаш егеді. 1. Ағаштарды кеседі.
2. Гүл отырғызады. 2. Қоқыс төгеді.
3. Батпақты құрғатады. 3. Топырақты ұсатады.
4. Бұлақ көзін ашады. 4. Суды ластайды.
5. Қорықтар ұйымдастырады. 5. Ауаны ластайды.
Адам – табиғаттың досы деген пікірді ұстанғандар бір топ, қарсылар бір топта талқылайды. Жарыс біткен соң, ең үздік топ мүшелері жеңіске жетеді. Барлық топты ұпай арқылы бағалайды.


Скачать


zharar.kz