Әліппеге рахмет

Скачать

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы қтан батыр ауылындағы
№190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Демеубай Рая Әлқуатқызы

Әліппемен аштық білім есігін,
Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін.
Мақсаты: Білімнің бастауы болған Әліппеден үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау әліппе оқулығына оқушылардың ерекше құрметі,бағасы,мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсінуге,Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру.Білімдерінің артып,сөз байлығының молайып,саналарының өскендерін көрсету. Отанын,мектебін,ұстаздарын,ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, әріптер макеті,көрініске қажетті заттар, Әліппе және Ана тілі оқулықтарының макеті.
Сабақ барысы:
Залда көңілді музыка ойналып тұрады. Сахнада орындықтар доғал болып орналасқан.Жүргізушілер сахнаның сол жағында тұрады.

1-жүргізуші:
Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап,билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.

2-жүргізуші:
Тал шыбықтай бойына,
Әдемі көйлек жарасар.
Ортада біздің сүйікті,
Балдырған балғын балалар.
Музыка баяу ойналады,оқушылар екі-екіден қол ұстасып сахнаға шығып орындықтардың алдында тұрады.
1-жүргізуші: Әліппе деген - алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес,ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік бабалардың ұраны,
Бұл уақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түлектерде тұншығып,
Ызғар ұрыпжанбай қалған шырағы.
2-жүргізуші: Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы,елтаңбасы,әнұраны
Қазақ елі егеменді,сан жұрты бар дей келе,бүгінгі:
Бірге: Әліппемен аштық білім есегін,Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін атты Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.
1-жүргізуші: Шұқшитқан кеп әуелі
Сені әрбір әріпке
Сутеттері әдемі,
Бұл қай кітап?

Хормен: Әліппе!Әліппе!Ортаға әліппе шығады.
Әліппе: Менің атым әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқытып ержеткен
Апаң менен ағаңда,
Әкеңменен анаңда
Шопан биші ұстазда
Ғарышкерде аспазда.Барлық,барлық жақсыда
Әріптерден басталған
1-жүргізуші: Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Қайсы, биші кім күйші
Талабына қарайық

2-жүргізуші: Кәне достар: Әліппеден не үйрендік,не білдік келіңіздер ортаға салайық. Әліппеге мың алғыс бөлімі.
2-оқушы: Бар әріпті үйреткен –
Міне менің әліппем
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.
1-оқушы:Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте,
Үйреткен оны әліппе
3- оқушы: Әліппем менің әліппем,Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің
4-оқушы: Әліппем менің әліппем,Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
5- оқушы: Әліппем менің әліппем, Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,

Әліппеге рахмет! Әліппеге рахмет! Ән Әліппе.
Әліппе: Көп –көп рахмет, балалар!Енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ. Ендншн ортаға Ана тілін шақырайық.
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме балалар! Енді сенднрдің сүйіп оқитын оқулықтарың Ана тілі болмақпын.
1-жүргізуші: Достар,Ана тіліне арналған өлеңдерің бар ма?
2-жүргізуші: Кәне ортаға салайық. Ана тілі – данамыз бөлімі:
1-оқушы: Ана тілі – ұраным
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
2-оқушы: Ана тілі – ұраным
Ана тілім – құралым
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым.
3-оқушы: адамдықты үйретер,
Жамандықтан жиренер
Тілімізді ширатар
Ана тілі – данамыз

1-жүргізуші: Ән. Болайықшы осындай.
2-жүргізуші: Оқи берсең ғылымды,
Артық болмас баршасы
Математика – өмірде
Бар ғылымның патшасы.
1-жүргізуші: Ойлантып есеп шығартып,
Төрт атңбаны білдіріп,
Ғалымдардың мықтысы
Математика данамыз. Енді математикадан алған білімімізді ортаға салайық.
2-жүргізуші: Ортаға сиқырлы сандарды шақырамыз.
Нұржан: Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын
Ақбаян: Екіден соң әрқашан
Үш саны мен тұрамын,
Орныма мен тұрамын
Екі айшық саламын

Қуаныш: Үш сызықтан таяғым,
Оқушылар қояды,
Төрт дегенің баяғы
Төрт түлкінің тұяғы
Жасұлан: Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті,
Санашы бір қолыңның саусағын
Оңай табасың бесті.
Арманай: Мен өзімді қатарға,
Бестен кейін қоямын.
Басым бірден басталып,
Нольмен бітер аяғым.
Ринат: Қара мына қызықты,
Көсеуді кім ұрыпты
Жеті болам бір тартсаң

Бел ортамнан сызықты.
Дәурен: Менің атым сегіз
Жетіден соң деңіз.
Жазылғын қос дөңгелек,
Мен боламын сегіз.
1-жүргізуші: Қазақ биі. Қол соғып қырсы алайық.
2-жүргізуші: Кім кінәлі? көрністі тамашалайық.
1-жүргізуші: Қолыңа ұңғыш қалам ап,
А әріпін алғаш жазарсың, Біліп ап А –ны саралап,
Б- сына көз саларсың.
2-жүргізуші: Сырлы әріптер сөз түйіп,
Сабырмен саған қарайды,
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды.

Сырлы әріптер сыры бөлімі:
Нұржан: Т Тәуелсіз елде тұрағым,Тәуелсіздік жыр әнім
Сұлтан: Ә Әспеттеп салт пен әдетті,Боламыз бала әдепті.
Айзат: У Уәдеге берік боламыз,Биік –биік үйлер саламыз.
Ринат: Е Елім деп мен жар салам,Еліменнен мақтанам.
Ақбаян: Л Лайым болсын ел аман,Несібесі мол заман.
Даурен: С Сенімін елдің ақтаймыз,Жақсы істер жасаймыз.
Арманай:І Ізгілік нұрын шашатын,Жасасын Қазақстаным!
Жасұлан:З Зейінге бәрін тоқимыз,Сабақты 5 – ке оқимыз.
Ақнұр: Д Даламыздай кең пейілді, Мақтан тұтам елімді.
Нұржігіт: К Келешекке нық басқан,Біз бақытты балдырған!
Мұғалім: - Қандай сөз шықты балалар? – Тәуелсіздік!
Біздің отанымыз биыл Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? 20 жылдығын.
Елбасымыз кім? Н.Ә.Назарбаев

1-жүргізуші: Ыстық әрбәр беттерің
Жазуыңды ұғамын,
Ақыл бердің әліппе,
Ақылшы және әліппе.
2-жүргізуші: Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың сенің тойыңа
Арнайды саған бұл әнін.
1-жүргізуші: Ән Мұғалім ол біздің Бұл ән барлық ұстаздарға арналады.
1-жүргізуші: Әліппе біз 4 ай бойы сізден үйрегенімізді,ортаға салдық. Сауат аштық,енді өзіміз жаза аламыз.Сізге рахмет!
Әліппе: Рахмет достар. Мен сендерге ризамын! Ал қош болыңдар!Үнемі биік шыңнан көріне беріңдер!
Осымен Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көрісікенше күн нұрлы болсын!


Скачать


zharar.kz