Электрленген денелер арасындағы күш

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі (8 класс)
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Электр өрісінің бар екендігін мысалдар арқылы түсіндіру. Электр өрісінің кернеулігінің көрнекі кескінін салу.
Дамытушылық: Оқушының ой - өрісіне, танымдылығын кеңейту.
Тәрбиелік: Өздігінен ізденуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың типі: іздену
Сабақтың көрнекілігі: Электроскоп, шарлар эбонит және шыны таяқшалар, жүн, жібек мата қиындылары.

• Сабақтың ұраны:
• Бақылау мен тәжірибе физикалық білімнің көзі.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Еске түсіру стратегиясы.
Электр приборлары
Электр сөзі қалай пайда болды
Электрлену дегеніміз не?
Электр заряды. Оң және теріс зарядтар қасиеттері.
Зарядтың сақталу заңы.
Электр өткізгіштер және өткізбейтіндерге не жатады.
Денелердің электрленгенін қандай құралмен анықтайды.
Электрон деген не? Заряды неге тең.
Атом құрлысын ашқан кім?
Электрленген денелер арасындағы күш.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мысалы: Жер мен тас бірін – бірі белгілі күшпен тартады. Жер мен тастың арасында тартылыс өрісі бар. Сол сияқты қағазды ұсақ қиындыларына электрленген дене, мысалы үйкелген эбонит таяқшаны жақындатсақ, қағаз қиындыларымен таяқша біршама қашықтықтан тартылатынын байқаймыз. Яғни электрленген денелер (арасында) айналасында электр өрісі бар. Электр өрісін көзбен көріп, қолмен ұстай алмаймыз. Оны зарядталған денеге әрекетімен байқаймыз. Электр өрісі ұғымын ағылшын ғалымдары М. Фарадей мен Джеймс Максвелл енгізді. Электр өрісінің әсері зарядталған денелер айналасында күштірек болады да, одан алыстаған сайын өріс әлсірей береді.

ІV. Ой дамыту стратегиясы.
№15
1. 10 см қашықтықтағы 2, 7*10 - 6 Кл нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Заряд суда орналасқан.
2. Бетінің электр өрісінің кернеулігі 4*10 - 6 Н Кл болса, радиусы 3 см металл шарға қандай заряд берілген?
3. Кернеулігі 3*105 Н Кл біртекті электр өрісінде тепе – теңдік қалыпта болатын массасы 10 - 9 г мырыш тозаңының заряды неге тең?

V. Еркін ізденіс стратегиясы.
1. Үріліп жіпке байланған 2 шарды газетке үйкеп – үйкеп бір – біріне жақындатыңыз. Олар бірін – бірі тебеді, неліктен?
2. Бір шарды газетпен үйкеп, екіншісін жүнмен үйкеп, бір – біріне жақындатыңыз. Олар бірін – бірі тартады. Неліктен?
3. Шарды газетпен үйкеп бөлме төбесіне апарып жіберіп қал. Шар төбеде біраз тұрып қалады. Неліктен?

VІ. Байланыс стратегиясы.
Тест сұрақтары.
1. Екі дененің үйкелісінен үнемі...
а) Екі дене де оң заряд алады.
в) Екі дене де теріс заряд алады.
с) Біреуі оң, біреуі теріс заряд алады.
д) Нейтрал болып қала береді.
е) Денелер кезек – кезек белгілерін синхронды өзгертіп отырады.
2. СИ жүйесінде зарядтың өлшем бірлігі
а) Кл в) Дж с) В д) Н е) В м
3. Атом құрамына кіретін элементар бөлшектің заряды о - ге тең.
а) электрон
в) протон
с) нейтрон
д) ион
е) кварк
4. Екі нүктелік зарядтың арақашықтығын 4 есе кемітсе, олардың өзара әсерлесу күші қалай өзгереді?
а) 16 есе кемиді.
в) 16 есе артады.
с) 4 есе кемиді
д) 4 есе артады
е) өзгермейді
5. Атомның ядролық моделін ұсынған ғалым.
а) Д. Томсон
в) Э. Резерфорд.
с) И. Ньютон
д) Н. Бор.
е) А. Беккерель
6. Екі шар жібек жіпке ілінген. Сурет бойынша аттас зарядталған шарлар.
а) 2 в) 3 с) 2 және 3 д) 1 және 2 е) 1
7. Кернеулігі 2000 Н Кл біртекті электр өрісі 5*10 - 6 Кл зарядқа әсер ететін күштің мәні.
а) 4*10 - 4Н;
в) 4*104Н;
с) 0, 001 Н;
д) 2, 5 Н;
е) 102Н.
8. Электр өрісінің кернеулігінің өлшем бірлігі.
а) Н м; в) Н Кл; с) Кл; д) Н; е) В.
9. Электр өрісінің күш сызықтары
а) оң зарядтан басталып теріс зарядтан аяқтады;
в) теріс зарядтан басталып оң зарядтан аяқталады;
с) эл. өрісі күш сызығы болмайды.
10. Электр өрісі ұғымын енгізген ғалымдар
а) М. Фарадей мен Дж Максвелл
в) Э. Резерфорд.
с) Ш. Кулон
д) А. Иоффе мен Р. Милликен
е) И. Ньютон

VІІ. Қосымша информация стратегиясы
Үйге тапсырма


Скачать


zharar.kz