Ауызыма тығылып, Тыншымайды жүрегім

Скачать

Ескен Елубаевтың өлеңі

Көк дөненді ерттеді,
Жарап тұрған елеңдеп.
Мені өзімен ертпеді:
Көкпар тартып келем , - деп.
Қарап тұрмын телміріп,
Шығып үйдің үстіне.
Әне, папам тебініп,
Кірді дода ішіне.
Қамшы сілтеп, салысып,
Көкпар тартыс қызады.
Көкпаршылар жарысып
Төбені асып ұзады.
Ауызыма тығылып,
Тыншымайды жүрегім.
Папам аттан жығылып,
Қалмаса екен – тілегім.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz