Тақырыбы: Достық шаңырағында
Балалар хормен достық мерекесі құтты болсын, ынтымақ күні құтты болсын, бірлік күні құтты болсын - деп қолдарында шар, лента, гүл залға кіреді.
Тәрбиеші: Мамыр айы табиғаттың жайма шуақ берекелі кезеңі. Айналамыз бәрі жасыл желек жамылып ерекше бір реңге енеді. Мамыражай май айын ақындар да жырлап өткен.
Жамила: Көктем келді май келді
Шақырады тойға елді
Кел, бірге жүр жақсы май
Гүл терейік тысқа шық
Даниела: Келді мамыр көркем ай
Гүл өсті қыратта
Қуанып ту алып
Шықтық біз парадқа
Марат: Көктем келді май келді
Мамыражай ай келді
Тал – теректер түрленіп
Жапырағын жайды енді
Ислам: Ананың баланың
Сый толы құшағы
Шарықтап қалықтап
Ақ кептер ұшады
Ән: Достық
Тәрбиеші: Жер ана бәрімізге ортақ. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Осынау кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.
- Балалар қазақстанда тұратын қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
- Біз олармен татумыз, доспыз және бір – бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз. Ендеше, сол ұлттың балалары өздерінің өлең жолдарын арнасын.
(Әр ұлттың киімін киген балалар тақпақ айтады)
Би: Әр ұлттың биінен попурри
Тәрбиеші: Иә, біз қазақ елі көңіліміз көл дариядай кең халықпыз, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым – қатынаста, татулықта тұрып жатырмыз.
Кең болсаң кем болмайсың деген сөз бекер айтылмаған.
Ән: Ағайынбыз бәріміз
Тәрбиеші: Қуанып елмен бірге мереке күні, жұптасып құрбылармен би билесе – деп Поляк елінің биі Полька биін тамашалаңыздар.
Әр ұлттың өзіне тән ойыны бар. Соның бір Башқұрт халқының ойыны Киіз үй . Беларус халқының ойыны Шарбақ деп аталады.
- Ал, балалар күніміз ашық болсын деп елімізге тыныштық тілеп, ортадағы күннің көзіне тілек шоғымызды қойып, күннің шуағын жинайық.
1-бала: Достық болсын.
2-бала: Бірлік болсын.
3-бала: Аспанымыз ашық болсын.
4-бала: Әрқашан күн сөнбесін.
5-бала: Бейбітшілік болсын.
6-бала: Ынтымақ болсын.
Рахат: Біз әр түсті баламыз
Қол ұстасып барамыз
Күн сөнбесін ешқашан
Деп, шырқап ән саламыз
Ән: Ақ көгершін
Тәрбиеші: Елімізде тыныштық болып, бірлігі жарасқан ел болайық, әр кез ынтымақта, достықта болайық! (Осы кезде балалар бірлік, достық, ынтымақ деген сөздерді ұстап шығады)
Барлығы хормен: Бір ата бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда - тірлік бар деген бабам
Бірлік деп, бірге соқсын жүрегіміз