Сынып жұмысы

Скачать

ШҚО, Риддер қаласы.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ергасымова Акмарал Турсынгалиевна

Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жаз
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысу, сөздік қорларын молайту ауызекі тілдерін дамыту,
Күтілетін нәтиже: Жаңа сөздермен танысады, сөздік қорлары дамиды, ауызекі тілдері дамиды.
Көрнекіліктер: оқулық, стикерлер, суреттер, таратпа материалдар.
Модуль: Жас ерекшеліктері, сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау

Сабақ кезеңдері, әдіс - тәсілдер
Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Ұйымдастыру
А) амандасу

Ә) психологиялық дайындық
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жайқалып жапырақ
Құлпырып қызғалдақ
Тұратын көз тартып
Жаз келді жадырап
Жиі жаңбыр жауады
Кемпірқосақ шығады
Балалар өзенге шомылып
Самал жел де соғады
Бұл қай кезде болады?

Б) кезекшімен сұхбат
Кім кезекші?
- Қай жыл мезгілі?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сабақта кім жоқ?
- Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ

Б) фонетикалық жаттығу
Ә - ән, сән
Ү - үн, күн
Ұ - ұн, құн
І - ін, мін
Ө - өн, көн
Қ - қон, тон
Ғ - ған, ғұн
Ң - таң, шаң
Һ - жиһаз, айдаһар

2. Үй жұмысын тексеру
Үй жұмысын орындаған жинап алады.

3. Қызығушылықты ояту
Тақырыпқа байланысты таныстырылым көрсету
- Суретте көрсетілген қай жыл мезгілі? Бүгінгі тақырып не туралы?
Бүгінгі сабақта не үйренеміз? Нені білуіміз керек?
Дәптерімізді ашайық, бүгінгі күнді жазамыз. Сәуірдің он үші, дүйсенбі. Сынып жұмысы. Жаз.
- Жаз сөзін қалай топтастыруға болады?

4. Мағынаны тану
Қарлы кесек А) Сөздікпен жұмыс
- дәптерлеріне жазу
- дұрыс айтып үйрену
- сөз тіркестерін, сөйлем құрау
1 - топ. жүземіз
2 - топ. шомыламыз.
3 - топ. жарысамыз.
4 - топ. тойлаймыз.


Скачать


zharar.kz