Қаңғыбасты қолымен нұсқап шаштаразға қарап

Скачать

Шаштараз бен кісінің әңгімесі

Бірде бір кісі шаштаразға келеді. Шашын қысқартып отырып шаштаразбен әңгімелесе бастайды. Шаштараз:
- Не десеңіз де, мен Алланың барына сенбеймін, – дейді.
Кісі: - Неге?
- Алланың жоқ екеніне көшеге шықсаңыз болды, көз жеткізуге болады. Айтыңызшы, егер Жаратушы бар болса, онда неге науқас жандар көп, жетімдер, тастанды балалар… Ол бар болса, осындай жандарға неге көмектеспейді?
Кісі үн қатпастан ақысын төлеп шаштараздан шығып бара жатады. Анадайда сақал - мұрты, шашы өсіп кеткен біреуді көреді. Қаңғыбасты қолымен нұсқап шаштаразға қарап:
- Шаштараздар жоқ! – дейді.
- Қалайша жоқ, міне, мен бармын, шаштаразбын ғой!
- Жоқ! Олар жоқ, шаштараздар бар болса, анадай сақал - мұрты өсіп кеткен адамдар болмас еді!
- Оған шаштараз кінәлі емес қой. Өздері маған келмейді, келсе, сақал - шашын әдемі етіп алып берер едім…
- Міне, бар мәселе осында емес пе? – дейді кісі. Мен де сол жайлы айтам: Жаратушы бар. Тек адамдар өздері Оны іздемейді, Оған келмейді. Сол себепті бұл өмірде қайғы - қасірет пен қиыншылық көп.
Дереккөзі: asylsoz. kz


Скачать


zharar.kz