Абай оқыған медресе

Скачать

Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша тест тапсырмалары (10 - сынып)

1 - нұсқа
1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;*
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 7жасында;
В) 8жасында;
С) 9жасында;
Д) 10жасында;*
Е) 11жасында.
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі;*
В) Араб, парсы, иран;
С) Араб, парсы, түркімен;
Д) Араб, парсы, өзбек;
Е) Араб, парсы, орыс.
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10жаста;
В) 11жаста;
С) 13жаста;*
Д) 15жаста;
Е) 16жаста.
5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?
А) 1870ж.;*
В) 1871ж.;
С) 1873ж.;
Д) 1875ж.;
Е) 1880ж.
6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.
А) Жаз , Қыс ;
В) Өлең - сөздің патшасы , Күз ;
С) Қалың елім, қазағым, қайран жұртым , Жазғытұры ;
Д) Ғылым таппай мақтанба , Интернатта оқып жүр ;
Е) Қан сонарда бүркітші шығады аңға , Бородино .*
7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше;
В) Барлас;
С) Көкпай;*
Д) Балта;
Е) Шөже.
8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А) Интернатта оқып жүр ;
В) Жасымда ғылым бар деп ескермедім ;*
С) Ғылым таппай мақтанба ;
Д) Жазғытұры ;
Е) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат .
9. Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
А) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат ;*
В) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол ;
С) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ;
Д) Болыс болдым, мінеки ;
Е) Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма? .
10. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.
А) Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай ;
В) Жаз ;*
С) Қыс ;
Д) Күз ;
Е) Жазғытұры .
11. Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
А) Жаз ;
В) Күз ;
С) Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай ;
Д) Жазғытұры ;*
Е) Көлеңке басын ұзартып .
12. Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай түрін тапты?
А) қара өлең ұйқасы;
В) шалыс ұйқас;*
С) аралас ұйқас;
Д) шұбыртпалы ұйқас;
Е) кезекті ұйқас.
13. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
А) Сегіз аяқ , Жаз ;
В) Көлеңке басын ұзартып , Күз ;
С) Болыс болдым мінеки , Мәз болады болысың ;*
Д) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін , Жазғытұры ;
Е) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат , Көлеңке басын ұзартып .
14. Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
А) Желсіз түнде жарық ай ;
В) Адамның кейбір кездері ;
С) Өзгеге көңілім тоярсың ;
Д) Сегіз аяқ ;*
Е) Пайда ойлама, ар ойла .
15. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударған?
А) 17;
В) 21;
С) 23;
Д) 25;
Е) 27.*
16. Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз.
А) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат ;
В) Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма? ;*
С) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол ;
Д) Малға достың мұңы жоқ ;
Е) Қалың елім, қазағым .
17. Абайдың қанша поэмасы бар?
А) 2;
В) 3;*
С) 4;
Д) 5;
Е) 7.
18. Абайдың қай поэмасының уақиғасы Мың бір түн ертегісінен алынған?
А) Ескендір ;
В) Масғұт ;
С) Әзім әңгімесі ;*
Д) Еңлік - Кебек ;
Е) Ләйлі - Мәжнүн .
19. Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз.
А) Ескендір ;*
В) Масғұт ;
С) Әзім әңгімесі ;
Д) Еңлік - Кебек ;
Е) Ләйлі - Мәжнүн .
20. Абай: Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ , - деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Алтыншы сөзінде;
В) Отыз үшінші сөзінде;
С) Он сегізінші сөзінде;*
Д) Жиырма бесінші сөзінде;
Е) Он тоғызыншы сөзінде.
21. Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі деген сөздің иесі кім?
А) А. Байтұрсынов;
В) Ш. Құдайбердіұлы;
С) С. Сейфуллин;
Д) М. Әуезов;*
Е) З. Ахметов.
22. Қай қара сөзінен?
Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады .
А) Жетінші;*
В) Он сегізінші;
С) Он тоғызыншы;
Д) Отыз бірінші;
Е) Отыз сегізінші.
23. Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды,
Самарқанның бөзіне.
Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс;
В) Аллитерация;*
С) Шендестіру;
Д) Қайталау;
Е) Кейіптеу.
24. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Құбылтудың (троптың) қандай түрі қолданылған?
А) Ассонанс;
В) Аллитерация;
С) Теңеу;
Д) Кейіптеу;*
Е) Риторикалық сұрау.
25. Халық арасына ән болып тараған аудармалары?
А) Қараңғы түнде тау қалғып , Татьянаның хаты ;*
В) Сегіз аяқ ;
С) Көзімнің қарасы ;
Д) Бойы бұлғаң , Айттым сәлем, қалам қас ;
Е) Қор болды жаным .

2 - нұсқа
1. Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ деген сөздің авторы кім?
А) Ш. Құдайбердіұлы;
В) А. Байтұрсынұлы;*
С) С. Сейфуллин;
Д) М. Әуезов;
Е) М. Жұмабаев.
2. Орынсызды айтпаған , Арғы атасы қажы еді , Тұла бойың ұят, ар едің өлеңдерін кімге арнады?
А) Оспанға;
В) Ақылбайға;
С) Әбдірахманға;*
Д) Мағауияға;
Е) Мекайлға.
3. Қай өлеңнен?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой..
А) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ;
В) Интернатта оқып жүр ;*
С) Ғылым таппай мақтанба ;
Д) Жасымда ғылым бар деп ескермедім ;
Е) Қалың елім, қазағым, қайран жұртым .
4. Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.
А) Евгений Онегин ;
В) Шегіртке мен құмырсқа ;
С) Піл мен қанден ;
Д) Жалау ;*
Е) Бақа мен өгіз .
5. Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін улы сия, ащы тілмен өлтіре сықақ еткен өлеңін табыңыз.
А) Сабырсыз, арсыз, еріншек ;
В) Түбінде баянды еңбек егін салған ;
С) Ғылым таппай мақтанба ;
Д) Көлеңке басын ұзартып ;
Е) Болыс болдым, мінеки .*
6. Абайдың өзі шығарған өлең - әндерінің саны қанша?
А) 20 шақты; *
В) 25 шақты;
С) 30 шақты;
Д) 35 шақты;
Е) 40 шақты.
7. Абай Пушкиннің атақты Евгений Онегин романын қай жылы аударды?
А) 1880;
В) 1883;
С) 1885;
Д) 1886;
Е) 1889.*
8. Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) Қар болды жаным ;
В) Бойы бұлғаң ;
С) Сегіз аяқ ;*
Д) Құлақтан кіріп бойды алар ;
Е) Жазғытұры .
9. Абайдың руы кім?
А) Найман;
В) Керей;
С) Тобықты;*
Д) Уақ;
Е) Дулат.
10. Абай Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін қай жылы жазды?
А) 1885ж.;*
В) 1886ж.;
С) 1887ж.;
Д) 1888ж.;
Е) 1889ж.
11. М. Әуезовтің Абай жолы эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?
А) 101 тілге;
В) 105тілге;
С) 110 тілге;
Д) 116 тілге;*
Е) 120 тілге.
12. Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан ,- деп кім айтты?
А) Шәкәрім;
В) Ахмет;
С) Мұхтар;*
Д) Көкбай;
Е) Қиясбай.
13. Абай оқыған медресе?
А) Ахмет - Риза медресесі;*
В) Медресе Мухаммадия;
С) Медресе Рахманқұли;
Д) Медресе Расуля;
Е) Ғалия медресесі.
14. Абай қай жылдары болыс болды?
А) 1874 - 1876;
В) 1876 - 1878;*
С) 1877 - 1879;
Д) 1878 - 1880;
Е) 1879 - 1881.
15. Төбе би болып сайланған жылын белгілеңіз.
А) 1880 ж.;
В) 1881 ж.;
С) 1885 ж.;*
Д) 1887 ж.;
Е) 1888 ж.
16. Абай өлеңді неше жастан бастап жазды?
А) 8 жастан
В) 10 жастан*
С) 11 жастан
Д) 13 жастан
Е) 15 жастан
17. Абай: Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын , - деп кімге айтты?
А) Барлас;
В) Байкөкше;
С) Көкпай;*
Д) Шөже;
Е) Балта.
18. Қай өлеңнен?
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
А) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат ;
В) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол ;
С) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ;
Д) Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы ;*
Е) Малға достың мұңы жоқ .
19. Абай: Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар ,- деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Екінші;
В) Төртінші;
С) Он алтыншы;
Д) Он жетінші;
Е) Жиырма тоғызыншы.*
20. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
А) 1891ж.;
В) 1893ж.;
С) 1895ж.;*
Д) 1897ж.;
Е) 1898ж.
21. Құбылтудың (троптың) қай түрі?
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
А) Метонимия;
В) Метафора;*
С) Эпитет;
Д) Теңеу;
Е) Ассонанс.
22. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
А) 1896ж. Қазан;
В) 1898ж. Орынбор;
С) 1904ж. Қазан;
Д) 1908ж. Петербург;
Е) 1909ж. Петербург.*
23. Абайдың неше күйі бар?
А) 1;
В) 2;
С) 3;*
Д) 4;
Е) 5.
24. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.
А) Атың шықпаса, жер өрте ;
В) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей ;*
С) Алтын көрсе, періште жолдан таяды ;
Д) Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті ;
Е) Қалауын тапса, қар жанар .
25. Қай өлеңнен?
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
А) Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа ;*
В) Әбдірахманның әйелі Мағышқа ;
С) Айттым сәлем, қалам қас ;
Д) Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы ;
Е) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін .


Скачать


zharar.kz