Жансүгіров өлеңдерін тап

Скачать

11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев (1846 - 1945)
Жыр алыбы - Жамбыл

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбылдың өміріне мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға, ізденіп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабқтың әдісі: Сәйкестендіру , Мағынаны тану , Ой қозғау , Жоба қорғау , Ұлылар ұлағаты , Сауаттылықты ашатын хат , Автопортрет , сұрақ - жауап, талдау, іздену, т. б.
Көрнекіліктері: Б. Момышұлының суреті, интерактивті тақта, Аңыз адам 2011 №9 қараша
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатын хабарлау, ерекшелігін түсіндіру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Сәйкестендіру

1. Ана тілі , Домбыра , Жастар ұраны т. б. ---- 2) І. Жансүгіровтың туған жылы
2. 1894 жыл 14 мамыр -------------------------------------- 4) І. Жансүгіровтың тұңғыш жинағының аты, қай жылы шыққан?
3. Алматы облысы, Ақсу ауданы -------------------------- 1) І. Жансүгіров өлеңдерін тап.
4. 1928 жыл Сағанақ жинағы ---------------------------5) Ақынның поэмаларын тап.
5. Күй , Күйші , Дала , Құлагер . т. б.------------3) І. Жансүгіровтың туған жері.

ІІІ. Мағынаны ашу бөлімі
Мақсаты: Сабақтың тақырыбын оқушылар көмегімен ашу
- Оқушылар! Мен бір өлеңнен үзінді оқимын. Сол үзінді қай ақынның өлеңі, қалай аталады?
- Енді оқушылар бейне таспаны тамашалайық.

- Сонымен оқушылар өлеңнің кімдікі екенін таптық, бейнежазба кім туралы екенімен таныстық. Олай болса бүгінгі сабағымыз кім туралы деп ойлайсыңдар.
- Жаңа сабағымыздың тақырыбы Жыр алыбы - Жамбыл! . Ақынның бұрынғы сыныптарда өткен өлеңдерін есімізге түсірейікші.(Ақынның бұрынғы сыныптардағы өлеңдерін айтқызып, мәнерлеп оқыту).

ІV. “Жобаны қорғау бөлімі
Мақсаты: Оқушыларға өздері ізденіп, дайындап келген материалдарын оқыту.
1. Жамбыл Жабаев өмірі туралы.
2. Ақындығы.
3. Айтыстары туралы.
4. Ақын ата ұрпақтары жайында.

V. Ұлылар ұлағаты бөлімі.

Мақсаты: Интерактивті тақта арқылы ақын - жазушылар лебізін тыңдау
VI. Сауаттылықты ашатын хат бөлімі
Мақсаты: Оқушыларға ақын ата аруағына арнап хат жаздыру. Жамбылдың Абайға жазған хатын оқу.

VIІ. Автопортрет бөлімі.
Мақсаты: Жаңа сабақты қорытындылау.
Сұрақтары

1. Ақынның аты - жөні, туған жылы?
2. Туып - өскен жері?
3. Қандай өлеңдерін білесіңдер?
4. Қандай дастандарын білесіңдер?
5. Ата ұрпақтарынан кімдерді білеміз?
Жауаптары: ……

Тұжырым: Ж. Жабаев - әрі эпик, әрі айтыс ақыны, жауынгер жыршы, ХХІ ғасыр Гомері.

VIII. Үйге тапсырма:
1. Ұрпақ парызы, тілегі тақырыбына ой толғау жазу
2. Ақын айтыстары мен дастандарын оқу.
IX. Бағалау:


Скачать


zharar.kz