Сабақтың тақырыбы: Санды 1 - ге көбейту. Санды 0 - ге көбейту
Мақсаты: 1) 1 - ді санға көбейту және 0 - ді санға көбейту жағдайларын қарастыру.
Жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі
туралы білімді бекіту.
2) Сабаққа қызығушылығын, зейінің, байқампаздығын, ойлау қабілеттерін
дамыту.
3) Алғырлыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, беттерге жазылған өрнектер, жұлдыздар, мултиктегі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасып, түгендеп, назарларын өзіме аударамын.
ІІ. Үй тапсырмасы:
(тексерілген дәптерлері таратылып беріледі)
- Ал, қанеки балалар кім бес алды? (Осы жерде үй жұмысынан жіберген қателері жайында айтылады)
8: 4=2
5*3=15
Біз қандай математикалық ережелерді білеміз?
Бөлудің компоненттерін айтайықшы?
Азайтудың компоненттерін айтамыз?
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Балалар, мен бір сан ойлап тұрмын, оған 2 санын қосқанда 4 болады, ал келесі қандай сан болады? 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.
- Жақсы, мен бір санды ойлап тұрмын ол санға 3 - ті қосқанда 6 саны шығады. Ол қандай сан, ал келесі қандай сан болады? 9, 12, 15, 18, 21, 24, 27, 30.
- (Паравоз музыкасы қосылады) Бүгінгі сабақта біз паравозға мултиктегі кейіпкерлерді отырғызуымыз керек, және дұрыс есепті шығарған балаға паравозға салуға мүмкіндік бар және дұрыс есеп шығарғандарға жұлдыз беріледі, сабақтың аяғында 5 жұлдыз алса ол 5 алады.
Тақтаға өрнектер жазылған беттер ілінеді. Балалар қосуды көбейтумен алмастырып, қорытынды жасайды.
1+1=2
2*1=2
1+1+1+1=4
4*1=4
1+1+1+1+1+1+1+1+1+1=10
10*1=10
Қорытынды: Кез - келкен санды 1 - ге көбейткенде сол санның өзі шығады.
0+0+0=0
3*0=0
0+0+0+0+0=0
5*0=0
Қорытынды: Кез - келген санды 0 - ге көбейткенде нөл шығады.
Оқулықпен жұмыс:
№1 Оқы. Теңдіктерді салыстыр. Қорытынды жаса.(диофилім лентасы ілінеді)
3*1=3
100*1=100
5*1=5
999*1=999
10*1=10
№2 Оқы. Теңдіктерді салыстыр. Қорытынды жаса. (диофилм лентасы ілінеді)
3*0=0
100*0=0
5*0=0
999*0=0
10*0=0
№3 Ауызша Көрші - көрші ойыны
Сыныптағы оқушылардың барлығы қатысады. Кезек - кезек жауабын айтады.