Кім көп біледі атты интелектуальді ойын.
Мақсаты: Химия курсы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау, бекіту, оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасыру, тіл байлығын, ой ұшқырлығын, іздемпаздығын, шығармашылық қабілетін, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Өз - өзіне сенімді, жеке - жеке қиындықтан шығуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Компьютер, парақтар, ақын жазушылардың айтқан қанатты сөздері және т. б.
Ойынның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе сөз
Армысың, ағайын, көзкөрген, алдарыңызда жаратылыстану – математика онкүндігінің үшінші күніне арналған Кім көп біледі атты интелектуальді ойынды бастайға рұқсат етіңіздер.
Осы ойынның негізгі 9 - 10 сынып оқушылары қатысып, өз ой ұшқырлығын, білімдігін ортаға паш етпек. Қошеметтеп ортаға шақырайық. (музыка әуенімен шығады.)
Әрбір оқушы өз - өзін таныстырып шығады.
Біздің бүгінгі ойынымыз 8 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. Иә және жоқ бәйге сұрақтары.
2 - кезең. Әріптер сөйлейді
3 - кезең. Кім тапқыр
4 - кезең. Кім жылдам
5 - кезең. Артығын тап
6 - кезең. Дода бейне сұрақ.
7 - кезең. Тауып айтқан – қауып айтады
8 - кезең. Зерделілер әлемінде
1 - кезең. Иә және жоқ кезеңде оқушыларға сұрақтар беріледі.
1. Сутегінің валенттілігі бірге тең? (иә)
2. Н2О күрделі зат? (иә)
3. ең ауыр металл осмий? (иә)
4. SO3 негіздік оксид? (жоқ)
5. Ең жеңіл темір металл?( жоқ)
6. Алюминий металға магниттеледі?( жоқ)
7. Периодтық жүйедегі элемент109 саны бар? (иә)
8. темір қосылыстарындағы 6 валентті болады? (жоқ)
9. магний, кальций, стронций, барий сілтілік жер металдары? (иә)
10. 6, 023 - 1023Авогадро саны?(иә)
11. Қалыпты жағдайдың мәні 44, 9л моль? (жоқ)
12. Бейорганикалық қосылыстардың 5 - ке жіктеледі(жоқ)
13. Атом сөзі грекше бөлінбейтін деген сөз.( иә)
14. Химиялық таңбаның алдына қойылады индекс? (жоқ)
15. Германия елімен аталатын элементфранций?( жоқ)
16. Электртерістілігі жоғары бейметалл фтор? (иә)
17. күкірт қышқылының қалдығын сульфат деп атайды? (иә)
18. Период саны 8? (жоқ)
19. Атом құрамындағы электрондардың таңбасы оң болады.(жоқ)
20. Д. И. Менделеев түс көрген кезде ойлап тапты.(иә)
Осы арада ең аз ұпай алған оқушы ойыннан шығады.
2 - кезең. Әріптер сөйлейді
Бұл кезеңде оқушыларға белгілі әріптерге байланыстыра отырып, сөз құрауымыз керек.
М әрпіне байланысты жауап айтыңдар.
1. Периодтық кестенің авторы. (Менделеев)
2. ІІ валентті элемент. (магний)
3. Темір қандай затқа тартылады.(магнитке)
4. зат мөлшерінің өлшем бірлігі.(моль)
С әрпіне байланысты жауап айтыңдар.
5. химиялық элемент.(сутегі, скандий)
6. Күрделі зат.(су)
7. І валенті элемент.(сутек)
8. натрий гидроксиді.(сілті)
К әрпіне байланысты жауап айтыңдар.
9. химиялық элемент (күкірт)
10. күрделі зат(көмірқышқыл газы)
11. екі валентті элемент.(кальций)
12. қышқылдарды ата.(Күкірт, көмір қышқылы)
3 - кезең. Кім тапқыр
Мысалы:
Сынап - көңіл, ажар, ақыл, қуаныш
Жауабы: Көз – бұлақ, көңіл – сынап.