Аквариумда тіршілік ететін балық туралы түсіндіру

Скачать

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметтің түрі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар
Мақсаты: 1. Аквариумда тіршілік ететін балық туралы түсіндіру.
2. Балықты қалай қоректендіру керектігін түсіндіру және көрсету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өлең жаттату, жұмбақтар шешу.
3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, мадақтау.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Балықтардың түрлерімен таныстыру
Қажетті көрнекі құралдар: Аквариумдағы тірі балықтар, үлестірмелі материалдар, компьютер слайдтары, балық түрлері, ойын “Балық аулауға көмектесейік”,“Кім жылдам” дидактикалық ойыны.
Сөздік жұмыс: Балық, теңіз, өзен, көл, су.
Билингвалды компонент: Балық - рыба, теңіз - море, өзен - река, көл - озеро, су – вода

Мотивациялық қозғаушылық Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері.
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз,
Армысың табиғат анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз!
Сүйейік, табиғатты аялайық,
Бізде одан жақсылықты аямайық.
Ғажайып сәт
Алтын балықтың хаты
Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Балалар мен сендердің ашық ұйымдастырылған оқу - қызметін өтетіндеріңді білгенмін. Бірақ аквариумдағы балықтарсыз өткізеді деп ойламаппын.
Сендер оқу қызметіне жақсы қатысамыз, тыныш отырып, тәртіпті боламыз десеңдер мен сендердің бір тілектеріңді орындаймын.
Мен сендерге суретімді салып жібердім. Барлықтарың көздеріңді жұмып, іштеріңнен аквариумдағы балықтар керек – деп тілеңдер.
Үш рет тілесеңдер тілектерің қабыл болады.
Тек көздеріңді ашуға болмайды.
Хатты жіберген: Алтын балық
Жарайсыңдар балалар! Бүгін біз ұйымдастырылған оқу қызметінен балықтар мен аквариумдағы балықтар жайлы білетін боламыз. Балаларға балықтардың суреттерін көрсетіп, балықтар мен аквариум жайында түсінік береді.
Аквариум –(лат. aquarium - суқойма)- су жануарларымен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталуы тиіс. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл - мезгіл ауыстырылып тұрады.
Балалар барлығымыз бірге табиғат жайында тақпақ айтайық.
Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен күнсің, көтерілген күліп қырдан
Сен көлсің,
Сен ормансың,
Сен бұлбұлсын,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған
Балалар бұл өлеңде табиғаттың сұлулығын, ондағы әрбір тіршіліктің барын жеткізген.
Балалар табиғат дегеніміз, бізді қоршаған орта.
Балалар табиғат – тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді.
Соның ішінде өзен, көл, теңіздегі, аквариумдегі балықтарымыз да тірі табиғатқа жатады.
Балықтын – аузы бар да, тілі жоқ болады. Терісі бар да, Жүні жоқ екен. Қанаты бар, бірақ ол ұшпайды. Балықтын түрлері өте көп. Жайын, сазан, шортан, ала бұға.
Шортан - жыртқыш балық, ал алабұға - адамға анық көрінеді, арқасында тікені болады, шортан - шабақтарды асайды.
Жайынның азығы - бақа, шаян, сүліктер. Басы доғал, мұрты бар, аузы апандай, ұрты бар, түрі китке де ұқсайды.
Сазан балық - күміспен апталып, теңгемен қапталады. Балық суда өмір сүреді, ол үнемі қимылдап, қанаттың көмегімен жүзеді, оның түрлері өте көп. Атырау қаласындағы Жайық өзені Каспий теңізіне барып құяды. Теңізде бекіре балық бар. Оларды біз бағалы, сиреп бара жатқан балық ретінде білеміз. Балықта адамдар тағам ретінде қолданады. Оны аулайтын адамдарды - балықшылар деп атайды. Балық аулайтын құралды – қармақ, ау деп атаймыз.

Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы
Сен сұлу жеке балабақшасының тәрбиешісі
Сейділдаева Гүлзат

Аквариумдағы балықтар. жүктеу


Скачать


zharar.kz