Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Су мен ауа
Мақсаты: Балаларды су мен ауаны жан - жақты таныстыру. Табиғат құбылыстары туралы айтып, түсіндіру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Іскерліктерін дамыту. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру.
Мотивациалық қозғаушы
Шаттық шеңбер
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен, әрдайым,
Таза бетің маңдайың.
Тазалықтың досы –
Су деген осы.
Сәлеметсіздер ме балалар!
Отырыңыздар!
Ізденіс ұйымдастырушы
- Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе?
- Осының барлығын біз бір сөзбен айтқанда табиғат дейміз?
Ал енді, мен сендерге жұмбақ жасырайын:
1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
2.. Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң құшағың тең болмайды.
- Мынау не?
- Судың түсі қандай?
- Дәмі барма?
- Суды қалай пайдаланамыз?
- Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі өзгеріске ұшырайды, буға айналады, бу қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады.
- Су отты өшіре алады, суды адам барлық тіршілігіне пайдаланады.
Енді суға тәжірибе жасап көрейікші.
- Суды шыны ыдысқа құямыз. Су мөлдір, түсі жоқ.
Шыны ыдыстағы суға бір зат, мысалы қасықты саламыз, қасық көріне ме?
Шыныға бояу қосамыз. Енді қасық көріне ме?
Су құйылады, су сұйық. Суды үнемдеп пайдалану керек. Барлық тіршілік иелері суды қажет етеді.
Қармен мұзға тәжірибе жасайық.
1 – тәжірибе: Қарды алақанға салып, ұстап тұру. Ерігенін көру, түсіндіру.
2 – тәжірибе: Еріген қарды стақан түбіне тұндыру. Қарды жеуге болмайды. Қар мен мұз өте кір. Қар, мұз, жаңбыр барлығы суға айналады.
3 - тәжірибе: Бір стаканға сүт, екінші стаканға су құямыз да екеуіне екі қасық саламық, қайсысы мөлдір. Әрине су мөлдір.
Енді ауамен тәжірибе жасаймыз:
1. Балалар алақанымызды ауызымыздың қасына апарып, алақанымызға демалайық. Демалғаннан алақан жылайды, енді ауамен демалып тұрғанымызды көрдік пе?
2. Қолымызбен, аузымызбен, мұрнымызды жауып дем алмай тұрайық, Қиын ба?
Ауамен біз дем аламыз. Ауасыз біз өмір сүре алмаймыз. Ауа бізге өте қажет.
3. Ауаны шарларға үрлеу.
Көрдіңдер ме балалар, ауа бізге көрінбейді, қолға ұсталынбайды.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық,
Су ішінде қалықтап,
Қане, жүзіп алайық,
Оңға бір, солға бір қарап,
Денемізді бұрайық.
Дидактикалық ойын: Табиғат аясында
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдарына бір бірден А4 қағазы мен қоса түрлі түсті қима суреттерді беремін. Сол суреттер арқылы балалар өз еріктері бойынша қандайда бір композиция құрап, дайын болған бейнені әңгімелеп берулері керек. Яғни, сурет бойынша жұмыс жасайды.
Ал сендер суға байланысты қандай мақал - мәтелдер билесіңдер?
Сонымен балалар, бүгінгі сабақта не туралы айтылды?
Судың түсі қандай?
Ауа көзге көрінеді ме?
Ауа қолға ұсталынады ма?
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы,
Луговой ауылы, "Балбөбек" бөбекжайы
Жумагулова Гулжан Базарбаевна