Қазақ әдебиеті үшін тарихи оқиғаларға толы кезең екендігін түсіндіру

Скачать

Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар 9 - сынып

Сабақ тақырыбы: XX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Жалпы мақсат: Қазақ әдебиеті үшін тарихи оқиғаларға толы кезең екендігін түсіндіру. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін көрсететін, тарихын, салт санасын, дәстүрін таңбалайтын ұлы туындылар туралы айту, балалар бойына патриоттық сезім ұялату.
Сілтеме: Нұсқаулық, Қазақ әдебиеті оқулығы,

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: АКТ пайдалана біледі. Топпен жұмыс жасай біледі. Өз бетімен жұмыс жасауға машықтанады. Әр түсінікке өз көзқарасын білдіреді. Оқушылар халықтың зар заман кезеңінде өмір сүріп, езгіге түскен қазақ халқының тағдыры мен мұң - зарын жырлаған ақындар шоғырымен танысады, сөйлеу мәдениеті қалыптасып, сөздік қоры дамиды.

Негізгі идеялар: Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақта қолданылатын материалдар: Ақын жазушылардың кітаптары, суреттер, демонстрациялық материал, сызбалар, табиғи заттар, видеоролик, үнтаспа.
Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлау, Топтық жұмыс, диалогтық оқыту
Дерек көздері: Ғаламтор, қазақ халқының тағдыры мен мұң - зарын жырлаған ақындар шоғырының жинағы (тренинг)

Сөз маржан Рухани сілкініс - адамның ой санасы мен ішкі жан дүниесінің серпілуі.
Ұлттық идея - әр ұлттың тек өзіне тән ерекшелігін көрсететін ұғым.
Алаш - 1) қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы; 2) ел жұрт, қауым, көпшілік; 3) қазақ зиялыларының алғашқы саяси партиясы.
Білу
Қазақ әдебиеті үшін тарихи оқиғаларға толы кезең екендігін түсіндіру. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін көрсететін, тарихын, салт санасын, дәстүрін таңбалайтын ұлы туындылар туралы айту, балалар бойына патриоттық сезім ұялату.
Түсіну
XX ғасырдың басынан бастап, Ресей өзінің отарлау саясатын қатайтып, жеделдете түседі.

Қолдану
Шығармашылық қабілетін арттыру.

Талдау
Оқушылардың ойлау қабілетін, белсенділігін, құпия сақтауға бейімділігін мейірімділігін және алға қойған
мақсатын анықтау.

Бағалау
Ойын жинақтау дағдысын қалыптастыру, ізденімпаздыққа бағыттау.

XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. жүктеу


Скачать


zharar.kz