Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қатынастар және пропорциялар 6. 1А. бөлім
Сабақтың тақырыбы: Шеңбердің ұзындығы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 6. 3. 3. 2 - шеңбер ұзындығының оның диаметіріне қатынасы тұрақты сан екенін білу;
6. 3. 3. 3 - шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:
шеңбер ұзындығының оның диаметіріне қатынасы тұрақты сан екенін біледі;
Оқушылардың басым бөлігі:
шеңбер ұзындығының формуласын қолданып есептер шығарады;
Кейбір оқушылар:
шеңбер ұзындығының формуласымен кері есептер құрастырып шығара алады;
Бағалау критерий
• Шеңбер ұзындығының формуласын қолданып есептер шығара алады;
• шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін біледі;
Сабақтың басы 5 мин
І. Ұйымдастыру сәті (2 минут)
1. Сәлемдесу
2. Күлегеш смайлигі арқылы психологиялық ахуал орнатамын
Топқа бөлу
Адасқан әріптер тәсілін қолданып оқушыларды топқа бөлу:
3. Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылар Ақылды үшбұрыш әдісімен үй тапсырмасын тексереді (тақтаға үш оқушы шығып, үй тапсырмасы бойынша өзара сұрақтар қойылып, оған жауап береді, қалған оқушылар оларды бағалайды).
Бағалау: Қалған оқушылар тақтадағы оқушыларды бағалайды.
Сабақтың ортасы 13 минут
Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру
Стикердегі диалог әдісі бойынша БО Түсіндіру және сипаттау түрін және саралаудың Дерек көздер түрін қолданам.
1. Жаңа сабақты түсіну барысында Себебін түсіндіріп жаз және бір - біріңе түсіндір Стикердегі диалог әдісі бойынша (8 минут)
Шеңбердің Ұзындығы тақырыбын өздері талқылап, өздері ашады. Топтар сағат тілі бағытымен келесі топқа ауысып, ол топтың жазған тапсырмасын, салған суреттерін, өз пікірлерін, ұсыныстарын өз топтарының түсіне сәйкес стикерге жазды. Келесі топқа тағы да ауысып, осыны қайталады. Бұл әдісте әңгіменің зерттеушілік түрі болды.
Бағалау: Ым - ишаралар арқылы бағалау
1. Жалғастыруға дайынмын
2. Бір нәрсе түсіндік, бірақ бәрін емес
3. Түсінбедік, қайталай қарау керек
2. Жаңа білімді меңгеру . (5 минут)
Жаңа сабаққа байланысты видео көрсетемін.
1 - есеп. Диаметрі 2м шеңбердің ұзындығын табыңдар.
Шешуі. ∁=πD
С=3, 14*2=6, 28м
Жауабы: 6, 28м
2 - есеп. Радиусы 10м шеңбердің ұзындығын табыңдар.
Шешуі. C=2 πR
C=2*3, 14*10=62, 8
Жауабы: 62, 8
М. Маметова атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Болат Айнаш
Шеңбердің ұзындығы жүктеу