Асан қандай бала

Скачать

МАД - тобы
Білім саласы Коммуникация
Білім бөлімі Сауат ашу
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Мен білетін жақсы сөздер. Сөз
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну. Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.
Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым - қатынас құралдарын (ым - ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т. б.) қолдану.
Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, тор көз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.
Барлық тəрбиеленушілер:
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.
Сөздің графикалық белгісін таниды.
Жазуға жаттығады.
Күтілетін нәтиже
Көпшілік тəрбиеленушілер:
- Сұраққа жауап береді.
Сөзді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсінеді.
Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.
Жазу жолын сақтап, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.
Кейбір тəрбиеленушілер: - Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.
– Сөз сөйлем сызбасын оқиды.
Сөздердің қолдану орнын анықтайды.

Тəрбиеленушілер:
- Талқылау барысында сұрақтарға толық жауап береді.
- Сөздің қай жерде қолданатыны тұралы айтады.
- Заттардың атын атайды. Сөзден сөйлем құрайды.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері:
Рақмет, кешіріңіз, сау бол.
ҰОҚ - дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:
Пікір алмасу сұрақтары.
Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?
Берілген сөздердің қай кезде айтылатыны туралы анықта.
Педагог топқа кіргенде қалай амандасасың?
Алманы бөліп берген кезде Асанға неше бөлігі қалды?
Асан қандай бала?
Суреттен қандай заттарды көріп тұрсың?

Өткен ҰОҚ - дан алған білім
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады; Сөздің графикалық белгісін таниды;
Жазуға жаттығып, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын ажыратады.

III. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0 – 2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3 – 5 мин.
ҰОҚ - да жұмыс жасау үшін тәрбиеші жағымды атмосфера туғызу. Тəрбиеленушілер бір - біріне жылы сөздерін арнайды. Тағы қандай жақсы, жағымды сөздерді білетіні сұрау. Қасындағы көршісі оған арнап жақсы сөз айтқанда өзінің көңіл күйі қандай болғанын айтады. (Ұ) Балаларға қолдан жасалған 7 - 8 күлтеден тұратын гүлдер беріледі. Балалар əр күлтесін жұлып отырып, жақсы сөздер, тілектер айтады. Анасына, бауырларына, достарына арнаған өздері білетін жақсы сөздерді, тілектерді айтады. Адамдар бір - біріне үнемі жақсы сөздер айтып, қуантып жүруі керек деген қорытынды жасайды.

(Ұ) Əліппе - дəптермен жұмыс.
1 - тапсырма. Суретке қарап, балалар қандай жақсы сөздер айтып тұрғанын өздері анықтайды.
– Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Суретке қарап отырып, балалардың ымишарасынан қандай сөз айтқанын біледі. – Асан үшінші суретте не айтуды ұмытты? Балалар Асанға сөзді еске түсіруге көмектеседі. 2 - тапсырма. Балалар Қайырлы таң , Қайырлы түн! сөздерінің қай кезде қолданылатынын біледі. Сұраққа жауап береді. Балаларға осы сөздерді күнделікті қолдануға кеңес береді. Бұл сөздердің қай суретке сəйкес келетінін өздері табады. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Суретте бейнеленген заттардың атауын айтуды сұрайды. Мысалы: төсек, шам, орындық, ана, бала т. б. Өзінің айналасын бөлмеде қандай заттар қоршап тұрғанын айтады. Балалар барлық заттың атауы бар деген қорытындыға келеді. Заттардың атауы сөз деп аталатынын біледі. Сөздің белгісімен таныстырады. Тәрбиеші тақта алдына 2, 3, 4 сөздің белгісін қойып, осы белгіге сəйкес келетін сөйлемдер құрастыруын сұрайды. Сөйлем сөзден құралады деген қорытындыға əкелу керек.

3 - тапсырма. Тәрбиеші сыныпқа кіргенде қалай амандасасың? Қимылмен көрсет.
Топқа кірген тәрбиешімен қалай амандасу керек екенін орындарынан тұрып көрсетеді. Тәрбиеші топтан шығып кетіп, қайта кіргенде балалар орындарынан тұрып амандасады. Балалар бұл жерде амандасқандарын тек қимыл арқылы ғана көрсеткендерін айтады. Басқа да нені ымишара, қимылмен көрсетуге болатынын естеріне түсіреді, өздері білетіндерін көрсетеді.
(Ұ) Сергіту сəті:
Қоңыздар
Көк шалғында қоңыздар.
Би билейді айнала.
Оң аяқпен топ - топ,
Сол аяқпен топ - топ.
Екі қолды жоғары, жоғары.
Көтереді жай ғана.
Кəне, кімнің қолдары Көрінеді жоғары?

Топ тәрбиешісі: Мирзалиева А.
Мен білетін жақсы сөздер. Сөз. жүктеу


Скачать


zharar.kz