Сөздер жазу

Скачать

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім.
Сабақтың мақсаты:
1. Сын есімнің негізгі және туынды болатындығы жайлы түсіндіру, білім беру.
2. Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
3. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, туған жерін, отанын құрметтеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың оқыту тәсілі: топтастыру, Түртіп алу , Венн диаграммасы әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Табиғат - біздің анамыз.
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз.
Біз әдепті баламыз.

II Қызығушылықты ояту. Сөздер жазу.
Ақыл - біл -
Тәртіп - айна -
Ой тастау.
Осы сөздерден сын есім жасауға бола ма? Қалай жасар едіңдер?
Ақыл - ды біл - гіш
Тәртіп - ті айна - дай

Оқушылардың ой пікірлер: Жұрнақтар жалғаймыз.
- Бұларды қандай сын есімдер дейміз? (туынды)
- Сонда сын есімдер қандай болады? (топтастыру)
Сын есім
Негізгі Туынды
Түбір сөзден: таза, әдемі.
Жұрнақ жалғану арқылы: өнерлі, күшті
Негізгі және туынды сын есім жүктеу


Скачать


zharar.kz