Ұсынылып отырған сұрақ - жауаптар сабақ барысында лездемелік сұрақтар ретінде, Балдырлар тарауын қайталау, бекіту мақсатында және де ҰБТ - да жоғары баллдан үміткер мектеп бітірушілер мен талапкерлерге қолдануына өте қолайлы.
Көп жасушалы жасыл балдырлар
1. Біржасушалы және көпжасушалы жасыл балдырлардың түр саны: 13 мың
2. Спирогира - жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр.
3. Қолға жібектей жұмсақ болып сезілетін балдыр - спирогира
4. Спирогираның жасушалары - ірі, құрылысын микроскоппен көруге болады.
5. Спирогираның таспа тәрізді хроматофоры - жасушада оралма тәрізді орналасқан.
6. Спирогираның көбею жолдары - өсімді және жынысты.
7. Спирогираның өсімді көбеюі қалай жүреді?- жіпшелері бірнеше бөлікке немесе жасушаларының блінуі арқылы.
8. Спирогираның жынысты көбеюі қалай жүреді?- Жіптеріндегі екі жасушаның цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді.
9. Көпжасушалы жіп тәрізді жасыл балдырдың екінші түрі - Улотрикс
10. Ағын су түбіндегі заттарға бекініп тіршілік ететін көпжасушалы жасыл балдыр - улотрикс
11. Су түбіндегі қайыр, балшықтың бетін жауып жататын балдыр - улотрикс
12. Улотрикстің жасушалары - бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады.
13. Улотрикстің спирогирадан айырмашылығы - әрбір жасушасындағы жасыл түсті хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді.
14. Улотрикстің көбею жолдары - жыныссыз және жынысты
15. Улотрикстің жыныссыз көбеюі қалай жүреді?- кез - келген жасыл жасушаларында екі, төрт талшықты зооспоралар түзілу арқылы.
16. Улотрикстің жынысты көбеюі?- зооспоралар арқылы
17. Спирогира мен улотрикстің басқа жасыл балдырларға ұқсастығы - күн сәулесінің қатысуымен хроматофорларына судағы еріген көмірқышқыл газын сіңіріп, ағзалық зат түзіп, қоректенеді
18. Көп жасушалы жасыл балдырлардың басқа өкілдері - кладофора, ульва (теңіз салаты),
19. Балдырлардың суға бөліп шығаратын газы - оттегі
20. Қағаз өндірісінде пайдаланылатын балдыр - кладофора.
21. Жасыл балдырлар қандай көлдерде кездеспейді?- лас көлдерде
22. Лас көлдерде жасыл балдырлар түгел жойылып кетеді - тек бактериялар, көк - жасыл балдырлар және диатом балдырлары ғана қалады.