Аттила - ержүрек ғұн көсемі

Скачать

І Қызығушылықты ояту сатысы:
Жасырын микрофон дауысын естіген соң
Мұғалім: Бұл кім деп ойлайсыңдар? деп сұрайды
Оқушылардың ықтимал жауабы: ғұндар немесе ғұн жауынгері екенін айтады.
Мұғалім: Ендеше бүгін біздің сабақта ғұн жауынгері рухы қонақта. Ол біздің жұмысымызды бағалаушы, көңілі толған оқушыға ғұн көсемі - Аттила бейнесі бар медальондар ұсынады. Алдарыңызда ғұн құмырасы тұр, алған медальондарды әр оқушы өз құмырасына жинайды. Сабақ соңында сендер осы медальондар арқылы бағаланатын боласыздар.
Оның сіздерге бірінші тапсырмасы: Ғұндар деген кімдер, Ғұн мемлекеті қандай мемлекет?
6 топ бір - бірден өз білгендерін бір сөзбен айту керек:
Ассоциация құру
Оқушылар ауызша ассоцация жасағаннан кейін интерактивті тақтада слайдтан дайын түрінде көрініп нақтыланады:
Қытай деректерінен белгілі Алғашқы шаньюй - Моде б. з.. б. 4 ғ.- б. з. 3 ғ
Шаньюй туысқандары - түменбасы
24 ру, әр рудан - 10000 әскер
Қытаймен соғысты
әскери - демократиялық мемлекет
Оқушылардың ықтимал жауаптары:
Өйткені... ғұндар басқа елдерге жорық жасаған
Өйткені.... ғұндардан сақтану үшін Қытай елі әлемнің жеті кереметтерінің бірі - Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр еткен
Өйткені... ғұндар жауынгер халық болған
өйткені... ғұндардың батыр көсемі Мөде, Чжи - чжи, Еділ (Аттила) сияқты ержүрек ұлдары болды және олар жеңілуді білмеген шебер әскербасшылары болған
Мұғалім: Өйткені олар Батысқа қоныс аударып Халықтардың ұлы қоныс аударуын жасады

ІІІ. Мағынаны тану сатысы:
1. Мәтінмен жұмыс жасалады. Топтарға мәтін бөліктері бойынша тапсырмалар беріледі. Әр топ өз жұмыстарын топта ақылдаса отырып презентациялайды
І топ:: Халықтардың ұлы қоныс аударуы туралы әңгімелейді
ІІ топ: Ғұндардың Рим империясын басқаруы
ІІІ топ Ғұн жорықтарының маңызы Сипаттама беру
ІV топ Ғұндардың жеңу себептері
V топ: Тарихтағы ғұндардың сипаттамасын табу
VІ топ: Аттила - ержүрек ғұн көсемі

2. Сиқырлы торкөздер блиц - турнир
Ақылды Әдепті
1 Суретті сұрақ
2 Бейне сұрақ
3 Бейне сұрақ

Шарты: Интерактивті тақтада көрсетілетін сиқырлы торкөздерді ашқанда ашылған торкөздегі сұрақтарды топтар өз реті саны қарай таңдайды, торкөздерге жасырынған сұрақтарға жауап береді Әр дұрыс жауапқа ғұн көсемі - Аттила бейнеленген медальон беріледі, әр топтағы дұрыс жауап берген оқушы өз қыш құмырасына ұпай жинайды

Сиқырлы торкөздер ойынының тапсырмалары
А - 1 - топқа: ақ түс – Ғұндардың Еуропаға жорығын кім басқарды?
Ә - 2 - топқа: күлгін түс - суретте кім бейнеленген?
Б - 3 - топқа: ашық жасыл – Ғұндардың батысқа жылжуы қай ғасырда басталды?
А - 4 - топқа: көк түс - бейне сұрақ
Ә - 5 - топқа: жасыл түс – Аттила операсын жазған итальяндық композитор?
Б - 6 - топқа: қызыл түс – бейне сұрақ
А - ақылдылар, Ә - әдептілер, Б - балалар

ІІІ. Ой - толғаныс сатысы "Алты қалпақ" әдісі
І топ Ақ қалпақтылар тобы:
Ғұндардың Қазақстан аумағы бойынша қоныс аударуын сызба картадан белгіле
Халықтардың ұлы қоныс аударуын карта сызбада сызу
ІІ топ: Сары қалпақтылар - Интерактивті тақтада тірек - сызба құру: Ғұндардың соғыстарда жеңу себептері
ІІІ топ: Қара қалпақтылар - Ғұндардың қоныс аударуы мен жорықтарының зардаптары
ІV топ: Көк қалпақтылар тобы - Венн диаграммасы арқылы ортақ белгілерін табу Ғұн жауынгері мен сақ жауынгері
V топ: Жасыл қалпақтылар тобы - РАФТ әдісі арқылы Ғұн көсеміне хат
VІ топ: Қызыл қалпақтылар тобы - Шығармашылық жұмыс:
5 жолды өлең құрастыру

Үй тапсырмасын күнделіктеріне белгілейді
Бағалау


Скачать


zharar.kz