Қадыр Мырза Әли өлеңіӘ дегенге мә десіп, өре тұрып, Бет ауызды соққыға бере отырып, Құладым деп оқыста ата - анағаҚорыққаныңнан айтасың бір өтірік

Скачать

Қадыр Мырза Әли өлеңі

Ә дегенге мә десіп, өре тұрып,
Бет ауызды соққыға бере отырып,
"Құладым деп оқыста" ата - анаға
Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік!

Қарағайдай паң түрі,
Төре түрі.
Қартайып - ақ қалғанын көре отырып,
Жеңгейлерге "әліде жап - жассың" деп,
Қимастықпен айтасың бір өтірік!

Тілеуіңді туысқа бере отырып,
Төсегінде өлерін көре отырып,
"Айығып - ақ кетесің",- деп ауруға
Аяғаннан айтасың бір өтірік!

Жалған әдет, әрине жоғалмақшы,
Жоғалмақшы,
Замана оңалмақшы.
Айналайын, зиянсыз өтірік - ай
Сонда біздің күніміз не болмақшы?!

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын


Скачать


zharar.kz