Бөлімі: Дыбыс және әріп.
Қазақ тілі 3 сынып
Тақырыбы: Х, Һ дыбыстары 8 - 14 жаттығулар.
Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары): Әріптер мен дыбыстарды ажырату талдау жасау.
Басы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
I. Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту
Қазақтың көне жерінде,
Айдаһар өмір сүріпті,
Патша боп көп жыл тұрыпты,
Күшсізді талай жалмапты.
Тіссізді талай қандапты...
Талай - талай қаһарман.
Жеңіспенен табысқан
Шыққан осы шаһардан.
Ортасы
- Ай - да - һар, қа - һар - ман сөздерінде үшінші, екінші буындарында қандай дыбыс естіп тұрмыз. (Һ).
- Енді өлең - жұмбақ шешей ік.
Сәлем алып алыстан,
Туысыңнан таныстан.
Келетұғын хат , хабар ,
Қай әріптен басталар? (Х).
4. Ендеше бүгін Х, һ дыбыстары туралы білімдерімізді тереңдетеміз.
Х
1. Бұл дауыссыз дыбыс. Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Үннің қатысына қарай - қатаң дауыссыз дыбыс. Себебі, ол тек қана салдырдан тұрады.
3. Айтылу тәсіліне қарай - ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, дыбыстау мүшелері бір - біріне жуысып, ауа сүзіліп шығады.
4. Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбыс.
Һ
1. Бұл дауыссыз дыбыс. Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан
ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
2. Үннің қатысына қарай - қатаң дауыссыз дыбыс. Себебі, ол тек қана салдырдан тұрады.
3. Айтылу тәсіліне қарай - ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, дыбыстау мүшелері бір - біріне жуысып, ауа сүзіліп шығады.
4. Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбыс.
Мектеп:№83. А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалімнің есімі: Джумабаева Гулжар Абдимуталиевна
Х, Һ дыбыстары жаттығу жұмыстарын орындау жүктеу