Аквариумдағы балықтарды көрсету

Скачать

Дүние тану. 2 класс
Тақырыбы: Каспийдің тірі алтыны

Мақсаты: 1. Каспий теңізінің шаруашылық маңызы мен ондағы тіршілік ететін балықтар
туралы кең мағлұмат беріп, оқушылардың ой - өрісі мен білімдерін кеңейту.
2. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін, өз білімдерін, қиялы мен ойлау деңгейін, сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Туған жерін, елін сүюге, байлықтарын қорғауға, өз елі мен жерінің нағыз азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен жұмыс, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, балықтардың суреттері, аквариумдағы балықтар,
консерві түрлері.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау.

ІІ Жаңа сабақ
Мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында:
- Балалар, сендер қандай өзен - көлдер мен теңіз, мұхиттарды білесіңдер?
- Қазақстандағы өзен - көлдерді білесіңдер ме?
- Каспий теңізі қай жерде орналасқан?
- Кім картадан көрсете алады?
(Картамен жұмыс)
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз Қазақстандағы Каспий теңізі және онда мекендейтін балықтар туралы өтеміз.
- Кім үйінде аквариумдағы балықтарды асырайды?
- Оны қалай баптайсың?
- Балықтарға қандай күтім керек?
• Аквариумдағы балықтарды көрсету.
• БББ стратегиясы. Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
• Мұғалім түсіндірмесі.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Каспийдің тірі алтыны .
Қазақстан бай өлке. Оның жері де, суы да қазба байлықтарға толы. Каспий теңізі Қазақстанның батысында орналасқан. (Картадан көрсету.)
- Оның асты да, үсті де тұнған байлық. Каспий тұйықталған көл. Бірақ көлемінің үлкендігіне қарай теңіз деп аталады. Каспий теңізі бес мемлекетке ортақ. Олар: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран, Түркіменстан.(Картамен жұмыс)

• Интерактивті тақтадан Каспий теңізі мен балық түрлерін көрсету.
- Каспий теңізінде түрлі балық түрлері кездеседі. Бекіре, қызылбалық, қортпа сияқты өте бағалы балықтар бар. Олар үш - ақ теңізде кездеседі. Соның бірі - Қазақстандағы Каспий теңізі. Бекіре мен қортпа қызыл кітапқа енгізілген. Сонымен қатар сазан, табан, ақбалық, майшабақтар. Теңіздің жағасында көптеген шаруашылықтар орналасқан. Олар балық аулаумен айналысады. Балық аулап, оны өңдеп, түрлі тағам дайындау – халық шаруашылығының аса маңызды бір саласы. Жаз айларында ауланған балықтарды арнаулы тоңазытқыштарда сақтайды. Жастай тоңазытылған балық жоғары бағаланады. Балықтардың біразын сүрлеп кептіреді, ыстайды, консервілейді. Сөйтіп, еліміздің түкпір - түкпіріне жөнелтеді.
• Интерактивті тақтадан слайд көрсету.
- Ақтау қаласында портта консерві зауыты бар. Консервілеу дегеніміз - оларды томат не маймен банкілерге салып ұзақ сақтау. Ал балық майының - емдік қасиеті бар.
(Оқушылар 3 топқа бөлініп, отырады. Әр топтың топ басшысы сайланады. Бағалау парақшалары беріледі. Әр топқа тапсырмалар жазылған балықтар таратылады.)

• Топпен жұмыс
І топ Білім тобы
Тапсырмасы: оқулықтағы мәтінді оқып, Каспий теңізінің шаруашылық маңызын айту.

ІІ топ Ғылым тобы
Тапсырмасы: Энциклопедиялардан, ізденіп келген материалдардан Каспий теңізі және ондағы балықтар туралы қосымша мәліметтер айту.

ІІІ топ Өнер тобы
Тапсырмасы: Каспий теңізіндегі тіршілік ететін балықтар туралы айту. Өмірмен байланыстыру. Әр түрлі балықтардың суретін салу.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмалары бойынша жұмыс жасайды.
Топтар бірін - бірі тыңдау керек. Топ басшылары оқушыларды бағалап, отырады.
І топ жауап бергенде қалған оқушылар тыңдап отырады, басқа топтар қосымша мәлімет қосуға болады.
І топқа сұрақ: - Қазақстаннан шығатын балықтан жасалатын консервілерді білесіңдер ме?
Топ және топ мүшелеріне ұпай беріледі. Жауаптары дұрыс болса, 3 рет шапалақтаймыз.

ІІ топ жауап бергенде қалған топтар тыңдап отырады. Топ Каспий теңізі туралы қосымша мәлімет беріп, балықтар туралы қызықты Бұл қызық! мәліметтер айтады.
ІІ топқа сұрақ: - Балықтың қандай өнімдерінің емдік қасиеті бар?
Топ және топ мүшелеріне ұпай беріледі. Жауаптары дұрыс болса, 3 рет шапалақтаймыз.

ІІІ топ жауап бергенде қалған топтар тыңдап отырады. Каспий теңізіндегі балықтардың түрлері және олардың қалай тіршілік ететіндігі туралы қызғылықты мәліметтер айту. Салған суреттерін көрсету.
ІІІ топқа сұрақ: - Балықтан қандай тағамдар жасалады? Сен қандай балық тағамдарын жеп көрдің?
Топ және топ мүшелеріне ұпай беріледі. Жауаптары дұрыс болса, 3 рет шапалақтаймыз.

ІІІ Сабақты бекіту.

• БББ стратегиясы. Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
- Балалар, сонымен бүгін сендер не білдіңдер?
- Каспийдің тірі алтыны деген не?
- Каспийдің байлығы неге дүние жүзіне әйгілі деп ойлайсыңдар?
- Бекіре, қызылбалық, қортпалар неге Қызыл кітапқа енгізілген?
- Уылдырықтың қандай пайдасы бар екен?
- Балықтарды неге консервілейді?

• Топтастыру стратегиясы
Балықтың пайдасы

• Сабақты өлең жолдарымен қорытындылау.
Табиғат Ана құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш - жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың осыны ұқ,
Адамзат! Табиғатты аялайық.
ІҮ Үйге тапсырма
Үйге 125 - 126 - беттерді оқу. Қосымша мәліметтер іздену.
Балықтардың біз естімеген түрлері туралы мәлімет іздестіру.

Ү Бағалау
Топтарды бағалау, мадақтау.
Топ басшыларының бағасын тыңдау.
Мұғалім бағасы.


Скачать


zharar.kz