Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері

Скачать

Тәрбие сағатының тақырыбы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер

Тәрбие сағатының барысы:
- Құрметті бірінші сынып оқушылары! Бүгінгі білім күні құтты болсын! Бүгін сендер мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім жолына келдіңдер. Оқу - инемен құдық қазғандай . Сендер алтын ұя мектептеріңнен білім алып, биік - биік асуларға жетулеріңе тілектеспін!
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Алғаш сабағымызды бастамай тұрып, бір - бірімізбен танысып алайық. Бәріміз орнымыздан тұрып Достық шеңберін құрайық. Бүгіннен бастап біз доспыз, арамыз ешқашан осы шеңбердей бұзылмасын.

Ой қозғау: Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Отан деген сөзді естігенде не ойларыңа келеді? Отан ол не?
- Бүгін балалар, Отан туралы, халқымыз туралы, ел туралы айтамыз. Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы Бір халық - бір ел - бір тағдыр деп аталады.
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз? ҚР картасы
ҚР қандай қалаларын білесіңдер? Атап беріңдерші.
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? Астана суреті
- Кім Астанаға барды? Астанада қандай керемет үйлер бар?
- Біздің президентіміз кім? Н. Ә. Назарбаев портреті
- ҚР рәміздерін кім біледі? ҚР рәміздері
- ҚР туында не суреттелген? Ол нені білдіреді?
- Елтаңбада не суреттелген?
- Қазақстанда қандай ұлттар өмір сүреді?
- ҚР халқы бір - бірімен қалай өмір сүріп жатыр.
Тату өмір сүреміз, өйткені біз бір Отанда тұрамыз.
- Кәне, кім Отан, ел, халық туралы тақпақ жаттап келді? Қол көтереміз.
Мұғалім сөзі: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан Тәуелсіз Республика болды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын Бүкіл халықтық өкілдік! деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: Қазақстан - 2050 Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр !
- Біздің еліміздің тарихы туралы әлі талай оқып білесіңдер. Ал біздің сауаттылығымызды ашатын, оқуға, жазуға үйрететін, ең алғаш оқулықтарың бұл - Әліппе.
- Әліппенің алғаш бетінде президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сендерге өз тілегін жолдапты, мен сендерге оқып берейін.. қол шапалақтау
- Балалар, бүгін сендер қайда келдіңдер? мектепке, сыныпқа
- Сендерді кім күтіп алды? мұғалім
- Сенен басқа тағы кімдер бар? оқушылар
- Мектепке келу үшін не қажет? оқу құралдары
- Мына суретте мектепте қажет емес, қандай артық заттар бар? суреттер
- Ендеше бізді қанша артық, қанша кем, салыстыруға, санауға үйрететін пән бұл - Математика. қол шапалақтау

Сергіту сәті:
Тербелейді ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп - үлкен боп өседі.
- Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Кім атап береді?

Ойын: Мен сендерге осы төрт жыл мезгілдерінде кездесетін ауа - райы құбылыстарын айтамын.
Дұрыс болса - қол шапалақтаймыз!
Бұрыс болса (қате)- аяқпен еден соғамыз!
• Жазда жиі жаңбыр жауады.+
• Қыста алма піседі.-
• Көктемде жеміс - жидек жинаймыз.-
• Қыста боран соғады.+
• Күзде суық жел соғады.+
• Жазда қарлы, аязды күндер жиі болады.-
• Қыстыгүні гүл жинаймыз. –
• Көктемде ағаштар бүршік атады+
Табиғаттың құбылыстары туралы, адам, өсімдік және жануарлар туралы дүниетану пәні үйретеді. Танысып қоялық. қол шапалақтау
Ой - толғаныс: Мақалды толықтырып оқиық:
1) Отан оттан да ыстық.
2) Туған жерге ту тік.
3) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
Бағалау:
- Ал, балалар бүгінгі алғаш сабақтарын ұнады ма? Әлде ұнамады ма?
Ұнаса - көңілді смаиликті, ұнамаса - көңілсіз смаиликті көтереміз. Тамаша, сабақ бәрімізге ұнады!
Сабақтың қорытындысында елбасымыздың ХХ сессияда сөйлеген сөзімен аяқтағым келіп тұр.
Бір халық – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
Бір ел , бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
Бір тағдыр , бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Шаланова Гульмира Тлектесовна


Скачать


zharar.kz