Жүсіпбек Аймауытов өлеңі
Ах - ха - ха - хау
Жасарам деп көңілі жас,
Жас иіске құмарлар!
Кәріге жастың пейілі қас,
Шамаларда жұмарлар.
Жапырақсыз, түпсіз жанлалған
Іші қуыс кәрі ағаш!
Сандуғаш іздеп сандалған,
Неғылған дәнді дәрі ағаш!
Қыркүйек өтті қырау
Қараша мынау соқыр - ау!
Қаңтар келіп қалшылдап,
Сәйкес болған оқырау!
Көкектің айы көңілде:
Шонамдай жоқ тоқырау.
Ах - хах - хау! Күлкім - ау!
Шегім қатып отыр - ау!
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля