Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігіХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры

Скачать

Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі

ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейі мен даму бағытына байланысты болмақ. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды.
Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.

Қазіргі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап та арта түсуде. Демек, білім беруді ізгілендіру мен демократияландырудың негізгі шарттарының бірі - бұл жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады деген В. Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, таным әрекеттерін жасайды.

Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық деген сөздерді ескере отырып, сабақ үрдісінде мүмкіндігінше үнемі инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту қай кезде болмасын ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – қалай оқыту мәселелерін қарастырады. Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж. Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, тұлға етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.


Скачать


zharar.kz