Геометрия 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы
Мақсаты:
А) Жаңа тақырыпты баяндау, яғни үшбұрыш медианасы, биіктігі және биссектрисасы ұғымдарын анықтап, қасиеттерімен танысып, олардың дәлелдеу жолдарын білуге, практикалық мақсатқа пайдалануға үйрету.
ә) Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, танымдық қызметіндегі дербестікті, пәнге деген қызығушылықты, шығармашылық қабілетін дамыту.
Б) Баланы ізденіске баулып, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, дәлдікке және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, үшбұрыштың түрлері, сөзжұмбақ плакаты, ойын көрнекіліктері, Бағдаршам , сызғыш, транспортир
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Жаңа технологиялар және СТО
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушыларды түгелдеу
ә) сабаққа әзірлеу
ІІ. Өткен тақырыпқа шолу арқылы қызығушылықты ояту
Үшбұрыш сөзжұмбағы беріледі
Қайталау сұрақтары:
1. Түзу бойында нелер орналасқан? Латын бас әріптермен белгіленетін нелер? (Нүкте)
2. Қазақтың байырғы өлшем бірлігі? (шақырым)
3. қандай фигураның формуласы (шеңбер ұзындығы)
4. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш (тіктөртбұрыш)
5. Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады? (параллель)
6. Қосындысы 180˚ - қа тең болатын бұрыштар? (сыбайлас)
7. Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар? (үш)
Үй тапсырмасын сұрау:
А) Үшбұрыштар теңдігінің І, ІІ белгілерін тұжырымдап айту
ә) №103 - есеп (ауызша)
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау
1. 3. Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы.
Үшбұрыштың биіктігі деп оның төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендикулярды атайды. 55 - суретте АВС үшбұрыштың ВН биіктігінің Н табаны оның АС қабырғасында жатыр. Ал, 56 - суретте биіктіктің табаны Н Ас қабырғасының созындысында жатыр.
Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген биссектрисасы деп осы төбесіндегі бұрыш биссектрисасының қарсы жатқан қабырғасымен шектелетін кесіндіні айтады. (57 - сурет, АD - биссектриса).
Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген медианасы деп осы төбені қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні айтады. (58 - сурет, ВD – медиана).