Күш - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама

Скачать

Сыныбы: 7
Пәні: физика және астрономия (презентациясымен)
Тақырыбы: Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу.
Мақсаты:
1. Білімділік: Өтілген сабақ материалдарын еске түсіре отырып, дененің жылдамдығы басқа денелер әсер еткенде өзгеруі тек дене массасына ғана емес, сонымен қоса күштің әрекетінен де өзгеретінін, дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі, олардың түрлері туралы ұғымдарды түсіндіру.
2. Тәрбиелік: Күнделікті өмірден мысалдар келтіру арқылы оқушылардың физика тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушыларды терең ойлауға, ғылыми ой қозғауға баулу, ой - өрістерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: пластилин, резеңке, металл сызғыш, а, аш сызғыш, шар, интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Оқушы білімін жан - жақты тексеру:
1. Екі дененің массаларын өзара салыстыруға бола ма?
2. Масса бірлігі ретінде не қабылданған?
3. Таразы мен кірлердің көмегімен дене массасы қалай өлшенеді?
4. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
5. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?
6. Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?
7. ρс=1000 кг м3 дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Жаңа түсінік беру:
Мысалдар келтіру: садақ ату, асық ойнау, бесіктің тербелуі, мылтық атқанда оның тебілуі, т. б. келтірілген мысалдар арқылы дененің басқа денелермен әрекеттесуі оның жылдамдығының өзгеруіне әкеліп көрсететінін көрсетеді. Яғни, денелердің жылдамдығы күш әрекетінен өзгереді. Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады. өлшем бірлігі 1Н.
Денелер өзара әрекеттескенде деформациясын бақылау тәжірибесі орындалады. Пластилинді алып түсірілген күштің әсерінен пластилиннің пішінінің оңай өзгеретінін байқауға болады. Резеңкені созып, пішінін өзгертуге болады. Шарды үрлеп оның пішінің, көлемін өзгертуге болады. Бұл тәжірибелерден кейін деформация және оның түрлерін (пластикалық және серпімді) түсіндіру.

ІV. Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру:
Күш (F)– денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Н – күш бірлігі
Деформация – бүліну, бұзылу (латынша)
к - қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент
Динамометр – грекше динамис – күш, метрео – өлшеймін
FR - Тең әрекетті күш
V. Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:
VІ. Жаңа түсінікті тексеру:
VIІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, тесттік бақылаулар):
VIIІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
IХ. Оқушылар еңбегін бағалау:
Х. Үй тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма)


Скачать


zharar.kz