СУ – ең маңызды экологиялық ресурс және тірі организмдердің басты құрамды бөлігі. Сутектің оттекпен жай тұрақты қосылысы. Су – жер бетінде ең көп таралған қосылыс. Ол барлық гидросфераны құрайды, байланысқан күйінде әртүрлі минералдармен тау жыныстарының құрамына кіреді, топырақта, атмосферада болады. Планетадағы жсудың жалпы мөлшері 1,5 *10 – 2,5 * 10 яғни жер бетінің гектарына шамамен 50 млн. Тн судан келеді. Атмосфераның жер бетіндегі қабатында және топырақта мекендейтін организмдер үшін судың басты көзіне жауын- шашын жатады. Жер бетіндегі организмдерді сумен қамтамасыз етуде грунт суы сондай-ақ суқойма суы маңызды роль атқарады. Судың маңызды сипаттамасына оның сапасы жатады.Ол ластану салдарынан бірден нашерлауы мүмкін.
Суды әртүрлі шаруашылық мұқтаждығына пайдаланады.Суды қолданудың мәнісіне қарай су тұтынушылар мен су пайдаланушыларды айыруға болады.Су тұтынушылар- шаруашылықтың су ресурстарын су көзінен тыс жерде пайдаланатын салалары (шаруашылық тұрмыстық мұқтаж үшін, өндіріс, су шаруашылығы жүйелері және т.б. үшін қажет су тоғандары ), су пайдаланушылар – шаруашылықтың су ресурстарын су көздерінен тасымалдып пайдаланатын салалары ( гидроэнергетика су транспорты, балық шаруа. т.б.) Су тұтынушылар мен су пайдаланушылардың судың сапасына қоятын талаптары әр түрлі олар судың қандай қызмет атқарун байланысты. Судың сапасына ең қатал талап оны ішу мақсатына, балық өсіру үшін қолданғанда қойылады. Қазіргі кезде өнеркәсіп пен А.Ш. суды пайдалану көлемі аса зор мөлшерге жетті. Жылына 150 км куб. Жуық су қайтымсыз пайдаланылады ол ағымдағы тұщы су көлемінің 1% құрайды екен. Тұщы суға деген сұраныс орташа жыл сайын 3,1 процент өсіп келеді. Қазіргі уақытта адамдар жылына 3000 км куб. тұщы су тұтынады. Тұщы суды ең көп пайдаланатын салаға А.Ш. жатады мысалы 1 тонна бидай өндіру барысында 1500 т су пайдаланады. Өнеркәсіптің де суға деген сұранысы жоғары.
Өнеркәсіпте су ерітінділерді дайындауға, сұйықтықтар мен газдарды суытуға және қыздыруға шикізаттарды тасымалдауға, жылу энергетика мақсаттарына, қалдықтарды жоюға, құрал жабдықтарды, ыдыстарды т.б. жуып тазалауға пайдаланылады. Мыс: 1 т болат, шойын өндіру үшін 15-20 м куб. су жұмсалады. Қуаттылығы орташа химиялық комбинат тәулік ішінде 1-2 млн. м куб су шығындайды . 1,5 млн халқы бар қалада тәулік ішінде 1 млн м куб шамасында су жұмсалады.
Сумен қамтамасыз ету жүйесі – көзден суды алуға, оны реттеуге ж/е қысммен жеткізуге арналған ғимраттар кешені С.қ.е.ж. су алу ғимараттары, сорғы станциялары, суға тұтыну қасиеттерін беру қондырғылары қосалқы ж/е реттеуші ыдыстар, су құбырлары ж/е жабу, реттеу, су алу ж/е тежегіш арматуралармен жабдықталған су құбырлары тораптары кіреді. С.қ.е.ж. жер үсті көздеріне су алу жағалық ж/е арналық әртүрлі су тартқыш құрылғыларымен жүргізілетін өзендер, көлдер, бөгендер, теңіздер жатады. Жер асты көздеріне артезиан грунтты су, арна асты суы, бұлақ көздері жатады. Олардан су алу ұңғымалар шахталық құдықтар, горизонталь ж/е сәлелік су тартқыштар, құрғату ғимараты ж/е жерасты суын жинау құрылыстары арқылы жүргізіледі.
Өнеркәсіптік кәсіп орындарда суды пайдалану сулбасына байланысты С.қ.е.ж. суды тізбектеп пайдаланатын тура ағу ж/е айналма болып жіктеледі. Тура ағу жүйесінде су технологиялық циклде пайдаланғаннан кейін суқоймаға жіберіледі қайтадан пайдалану жүйесінде су өндірістің 1 технологиялық процесінде қолданылады. Осы жүйеде технологиялық процесте пайдаланылған су суқоймаға жіберілмейді, өңдеуден өткен соң қайтадан өндірістік циклге қайтарылады.