Сый табақ

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың ауданы
Білімділік: Үшбұрыштың ауданын есептейтін формулаларды пайдалану, ол формулаларды есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу;
Дамытушылық: Үшбұрыштың ауданын есептеуге және элементтерін табуға арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету;
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, патриоттыққа, ұлтжандылыққа, қиындықты жеңе білуге, шапшаңдылыққа, ізденімпаздылыққа, тиянақтылыққа, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау, жинақтау, есептер шығару
Сабақтың әдісі: Топтық, жеке жұмыстар, ойын, шығармашылық.
Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, парақшалар

Сабақ құрылымы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй жұмысын тексеру.
III. Сый табақ
IV. Абажур стратегиясы
V. ШАШЫЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЖИНАҚТА
VI. Сергіту сәті Домино
VII. Оқулықпен жұмыс
VIII. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма
IX. ҚорытындылаСабақ барысы:

І. Мотивациялық кезең: оқушыларды түгендеу, сабаққа ынталандыру
Үшбұрыштың түрлерін пайдалану арқылы сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
І топ: Тікбұрышты үшбұрыш тобы
ІІ топ: Теңбүйірлі үшбұрыш тобы
ІІІ топ: Теңқабырғалы үшбұрыш тобы
Мұғалім:
Балалар, әрбір оқушы мына алақанның әр саусағына өз тобындағы оқушыға бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп өз тілегін жазсын. Топ басшылары алақанның ортасына жазсын. Осындай жақсы тілек тілеп бүгінгі ашық сабағымызды осындай көтеріңкі көңіл - күймен бастайық. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№272 Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері а=1, 6см, в=4, 5см. Үшбұрыштың ауданын табу керек.

ІІІ. Сый табақ
Балалар уйге қонақ келсе үй иесі қандай әрекеттер жасайды?
А) Төрге шығарамыз
Ә) Дастарханға шақырамыз
Б) Ет асып, табақ тартамыз
Қазір біз мына келген қонақтарға табақ тарату рәсімін жасайық.
Әр топқа табақ таратамын, ортасында Үшбұрыш сөзін жазамыз. Ал шетіне осы үшбұрыш туралы не білеміз, анықтамасын, қасиеттерін, үшбұрыш туралы теореманы да жазуға болады. 5 минут уақыт беріледі. Бастаймыз.
IV. Үшбұрыштың ауданының формуласы
АБАЖУР стратегиясы
Балалар мен сендерге әр топқа түсті қағаз таратамын. Сол қағазды 4 ке бүктеп әр бөлігіне үшбұрыштың ауданының формуласын жазамыз. Керек кезде формуланы пайдалануға болады. Сендерге 3 минут уақыт беріледі. Бастаймыз.
V. Шашылған ережелерді жинақта...
Бірінші бағанда ереженің басы жазылған, екінші бағаннан ереженің соңын табу керек.
VI Сергіту сәті
VI Домино
Балалар домино ойынын білеміз бе? Әр топқа домино құрастыруға тапсырма беріледі. Бұл қандай да бір сөйлем жасырылған сол сөйлемді табамыз.
І ТОП: Ел бірлігі жылы - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы
ІІТОП: Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз
М. Әуезов
ІІІ ТОП: 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы
4 ТОП: Ешкімде ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 жылдығы

Үшағаш негізгі орта мектебі КММ
Математика пәнінің мұғалімі
Кайдарова Света Хасанқызы


Скачать


zharar.kz