Сабақтың тақырыбы: Ақ мамам
Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыпты ашу, түсінік беру, білімдерін толықтыру.
2. Ойлау, есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.
3. Ананы аялауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ойындар
Көрнекіліктер: кітаптар, муз. аспап, компьютер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, Сыныпты түгендеу
Жаңа сабақ:
Кім сендерді балалар сүйетұғын
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай
Сендер үшін дамылсыз жүретұғын
- Ол кім?
Балалар:
- Ана
Дұрыс айтасыңдар балалар, ана. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы да осы анамызға байланысты екен.
Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
Ойлап тапқан аналар!
- Ал енді айта қойыңдаршы аналарың сендерді қалай еркелетеді?
- Мама, Ана деген сөздерді естігенде сендердің бойларыңды қандай сезім билейді?
- Ана қандай болады?
Оқушылар: Нәзік, әдемі, сүйкімді, мейірімді, т. б
Өте дұрыс енді осы аналарымыз туралы қандай ән білеміз?
( Ақ мама ; Құттықтаймын мама )
Жақсы қазір дауыс жаттығуларын жасап алайық та ана туралы әндерімізді айтып көрейік.
Дауыс жаттығулары:
Әндерді қайталау: Ақ мамам , Құттықтаймын мама , Болайықшы осындай , ( Жас дәуірдің түлегіміз
- Жақсы балалар. Біз анамызға деген махаббатымызды осы ән арқылы көрсете алсақ, аналарымыз бізге деген махаббатын қандай сөздермен, теңеулермен көрсетеді екен?
Оқушылар: Ботам, балапаным, қошақаным, құлыншағым, жаным, ақ лағым т. б
- Бұл теңеулердің барлығы әртүрлі жануарлардың төлдеріне байланысты екен, иә, балалар байқадыңдар ма? Қандай болмасын төлдер өте әдемі сүйкімді келеді екен, сондықтан аналарымыз бізді соларға теңейді екен. Ал біз осы сүйкімді төлдер туралы қандай ән білеміз?
Оқушылар: Төлдер
Олай болса сол әнімізді қайталап көрейік.
Сергіту сәті: Аяқпенен топ - топ
Жаңа ән: Аталарым ардагер (Тыңдау, талдау)
Сабақты қорытындылау:
- Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай ардақты жанға арналды?
- Бәріміз аналарымызды жақсы көреміз бе?
Сабағымызды қорытындылай келе біз анамызға деген ақ тілегімізді айтсақ. Қане кім өзінің анасына деген тілегін айтып жеткізгісі келеді?
(Оқушылар өздерінің ақ тілектерін айтады)
Үйге тапсырма:
Аталарым ардагер жаттау.