Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен
1) Туыстық қауымдастықты алмастырған: КӨРШІЛІК ҚАУЫМ.
2) Еңбек құралдарын жасау, заттарды өңдеу әдістерінің ерекшелігіне қарай археологтар бөлген адамзат қауымдағы дәуірлер: ТАС, ҚОЛА, ТЕМІР.
3) Жер шары халықтарының үш нәсілге бөліну негіздері(монголоид, негроид, европеоид.): СЫРТҚЫ ТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
4) Адамдардың шығу тегі туралы ғылым: АНТРОПОЛОГИЯ.
5) Ертедегі адамдардың алғашқы табылған сүйегі табылған жер: ШЫҒЫС АФРИКАДА.
6) Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібі: ТЕРІМШІЛДІК.
7) Жалпы тарихтың кезең саны: ТӨРТ.
8) Этнография дегеніміз: ХАЛЫҚТАРДЫҢ ӘДЕТ - ҒҰРЫП, САЛТ САНАСЫН ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМ.
9) Ежелгі дүние тарихының кезеңдері: АДАМДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНАН БАСТАП ОРТА ҒАСЫРҒА ДЕЙІН.
10) Қазақстан жерінде қатар дамыған өркениеттер: ОТЫРЫҚШЫ ЖӘНЕ КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІ.
11) Егіншіліктің ежелгі отаны: АЛДЫҢҒЫ АЗИЯ.
12) Археология дегеніміз: ТАРИХ НЕГІЗІНДЕ ЗАТТАЙ ДЕРЕКТЕР БОЙЫНША ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМ.
13) Аңшылықтың дамуынан пайда болған шаруашылықтың түрі: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
14) Алғашқы адамдар өлген соң жаны: ӨЛІКТЕР ЕЛІНЕ КЕТЕДІ ДЕП СЕНГЕН.
15) Асар дегеніміз: БІР ОТБАСЫ ШАМАСЫ КЕЛМЕЙТІН ЖҰМЫСҚА АДАМДАРДЫҢ АҚЫСЫЗ - ПҰЛСЫЗ КӨМЕКТЕСУІ.
16) Алғашқы аңшылар аң аулауға шығар алдында: АҢДАРДЫҢ СУРЕТІН САЛЫП СИҚЫРЛАП БИЛЕГЕН.
17) Ежелгі адамдардың үңгірдегі салған өгіз суреттерін алғаш тапқан археолог: САУТУОЛА.
18) Ежелгі суретшілердің бейнелеген негізгі көріністері: АҢ АУЛАУ СӘТІ.
19) Адамдардың ағаш пен тасты құрастырып жасаған алғашқы қару түрі: НАЙЗА.
20) Адамның ең алғашқы еңбек құралына жатады: ҮШКІР ТАЯҚША ТАС ҚҰРАЛДАР.
21) Ертедегі адамдар әр түрлі суреттерді салды: ТАСҚА.
22) Ғалымдар адамның қалыптасу процесі аяқталды деп есептейді: САНАЛЫ АДАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫМЕН.
23) Алғашқы адамдардың ойынша әрбір адамның бойында табиғаттан тыс болатын тіршілік тетігі: РУХ.
24) Алғаш табылған суретте не бейнеленген: ӨГІЗ.
25) Алғашқы адамдардың түрлі аңдардың мүшесінің бірігуі нәтижесінде қалыптасқан жандыны ғалымдар қалай атады: ҚҰБЫЛҒЫШ БЕЙНЕ.
Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен. жүктеу